ҚАЗІРГІ ТАРИХИ РОМАН ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТҰЛҒА
Bulletin of Toraighyrov University. Philology series · 27.03.2026 · (1,2026) · 415-429
DOI: 10.48081/bgqf1764 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, online erschienen am 27.03.2026. Verfasst von Р. М. Муталиева und 3 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Мақалада Серік Елікбайдың «Мәшһүрдің мұңы» романының идеялық-көркемдік тұрғыда жетістіктері қарастырылды. «Мәшһүрдің мұңы» романы қазіргі тарихи роман ретінде, Мәшһүр Жүсіп бейнесі көркемдік тұлға тұрғысынан талданды. Мәшһүр Жүсіп бейнесіне бұған дейін арнайы шығарма жазылмағандығы, тек Д. Әбілевтің «Сұлтанмахмұт» роман-трилогиясында (1965–1971) Сұлтанмахмұт айналасындағы зиялы, озық ойлы кейіпкерлер қатарында берілгендігі мақаланың өзектігін айқындайды.Кеңес дәуірінен бері жазылған тарихи романдарға шолу жасалды. Тарихи романдардың құндылықтары туралы ғалымдар пікірлері келтірілді. Тарихи шығарманың қоғамдағы қызметі, мақсаты мен міндеті халықтың болашаққа деген идеяларымен сабақтасатындығы айтылды. Әдебиеттегі көркем бейне мен тарихи шығарманың тұтастануы келесі кезең жадын қалыптастыру үшін қажет екендігіне назар аударылды. Мақалада «Мәшһүрдің мұңы» романындағы Мәшһүр Жүсіп бейнесінің басқа да сол кездегі тарихи тұлғалардың, Абай, Біржан сал, Ақан сері, Сыздық сұлтан, Шаһмардан Ибрагимов, Науан хазірет, Татарстандағы Маржани, Әлихан Бөкейханов, Радлов, Сәтбаев, Сұлтанмахмұт бейнелерімен байланыста сомдалғаны, осы кейіпкерлер арқылы қазақтың тарихы, әдебиеті, бостандығы, жері, ел болу мәселесі жинақы композицияда баяндалғаны сөз болады. Мақалада жазушылық шеберлікті айқындайтын психологиялық параллелизм, метафоралық эпитеттер, теңеулер, метафоралық тіркестерге мысалдар келтірілді.
Zitieren
APA
Муталиева, Р. М., Қапасова, Б. Қ., Куралканова, Б. Ш., & Оразханова, М. И. (2026). ҚАЗІРГІ ТАРИХИ РОМАН ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТҰЛҒА. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, 415-429. https://doi.org/10.48081/bgqf1764
Vancouver
Муталиева РМ, Қапасова БҚ, Куралканова БШ, Оразханова МИ. ҚАЗІРГІ ТАРИХИ РОМАН ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТҰЛҒА. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. 2026:415-429. doi:10.48081/bgqf1764
BibTeX
@article{2026,
author = {Муталиева, Р. М. and Қапасова, Б. Қ. and Куралканова, Б. Ш. and Оразханова, М. И.},
title = {ҚАЗІРГІ ТАРИХИ РОМАН ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТҰЛҒА},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Philology series},
year = {2026},
number = {1,2026},
pages = {415--429},
doi = {10.48081/bgqf1764}
}
EUVIMED