ХОШ ИІСТІ КӨМІРСУТЕКТЕРДІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН СИПАТТАЙТЫН ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series · 2023
DOI: 10.48081/axtm5207 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series, 2023. Verfasst von Т. Бижігітов und 2 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
"Мақалада хош иісті көмірсутектердегі серпімді және қума толқынның қалыпты қысымдағы жылдамдығының және тығыздықтарының температураға тәуелділігін тәжірибе жүзінде анықтау, олардың серпімділік қасиеттерін сипаттайтын коэффициеттеріне температураның әсерін есептеп табуға мүмкіндік береді. Яғни мұнай өнімдерінен алынатын медициналық дәрі-дәрмектердің, өндіріс орындарында, техникада, энергетикада қолданылатын заттардың сапасын арттыруға ықпалын тигізеді. Этилбензол және хлорбензол сутектерінің изотермиялық, адиабаталық, сығылғыштық коэффициенттерінің және ондағы қума толқын жылдамдығының температураға тәуелділігі (300–400)К температура аралығында алғаш рет зерттеліп отыр. Таңдап алынған үлгілердегі қума толқын жылдамдығының температураға тәуелділігін өлшейтін қондырғы жинастырылып, атмосфералық қысымда изотермиялық, адиабаталық коэффициенттері мен тұрақты қысымдағы жылусыйымдылығының тұрақты көлемдегі жылусыйымдылыққа қатынасының температураға тәуелділіктерінің графиктері тұрғызылып, алынған нәтижелерге-түсініктемелер берілген. Үлгілерді зерттеу мақсатында импульстік ультрадыбыстық қондырғы жинастырылды. Жылудан оқшауланған ыдыстың ішіне зерттелетін үлгінің температурасы температурареттегіштен, терможұптан, айнымалы ток көзінен тұратын жүйенің көмегімен автоматты түрде 10К өзгертіліп дәлелділікпен өлшеніп отырылды. Қума толқынның көзі және қабылдағыш ретінде жиілігі 10 МГц кварцтан жасалған пьезоэлемент қолданылды. Сұйықтардың тығыздықтарының температураға тәуелділіктері арнайы ыдыста ареометрді пайдаланып өлшедік. Ал адиабаталық, изотермиялық коэффициенттері мен жылусыйымдылықтарының температураға тәуелділігін физикада белгілі заңдылықтар мен формулаларды қолданып есептедік. Тәжірибелік өлшеулер үшін жинастырылған қондырғының элементтері арнайы дүкендерге тапсырыс беру арқылы сатылып алынды. Кілтті сөздер: серпімді толқындар, изотермиялық, адиабаталық коэффициенттер, жылусыйымдылықтар, пьезоэлемент."
Zitieren
APA
Бижігітов, Т., Аманбаева, А. Н., & Баймахан, Ә. Д. (2023). ХОШ ИІСТІ КӨМІРСУТЕКТЕРДІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН СИПАТТАЙТЫН ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ. Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series. https://doi.org/10.48081/axtm5207
Vancouver
Бижігітов Т, Аманбаева АН, Баймахан ӘД. ХОШ ИІСТІ КӨМІРСУТЕКТЕРДІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН СИПАТТАЙТЫН ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ. Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series. 2023. doi:10.48081/axtm5207
BibTeX
@article{2023,
author = {Бижігітов, Т. and Аманбаева, А. Н. and Баймахан, Ә. Д.},
title = {ХОШ ИІСТІ КӨМІРСУТЕКТЕРДІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН СИПАТТАЙТЫН ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series},
year = {2023},
doi = {10.48081/axtm5207}
}
EUVIMED