БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ
Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series · 2021
DOI: 10.48081/awga4459 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series, 2021. Verfasst von Еркин Сагынтайулы Аяған und 3 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
"Бұл мақалада бастауыш сыныптарда мектептегі баланың оқуға қызығушылығы мәселесі көптеген мамандардың көңілін аудартады, себебі, бастауыш білім – орта білімнің негізі. Сонымен бірге, бастауыш сынып, жеке тұлғаның қалыптасуында ерекше маңыз кеңінен қарастырылған. Оқу әрекеті кезінде бастауыш мектеп оқушысы білім, іскерлік, дағдыны игеріп қана қоймай, сонымен қатар өз алдына оқу міндетін, мақсатын қоюға үйреніп, білімді қолдану және меңгеру тәсілдерін тауып, өз әрекетін бағалап, бақылайтыны анықталды. Бастауыш мектеп жасындағылардьщ танымдық өрісінің дамуы. Бастауыш мектеп жасында баланың психикалық даму орталығы ерікті қалыптастыруға ауысады: ерікті есте сақтауы, зейіні, ойлауы дамиды, әрекетті ұйымдастыруы да ерікті болады. Бастауыш мектеп жасындағы жылдар бойы бала өз тәртібін, психикалық процестердің өтуін басқара алуга үйрену мәселелері талдау жасалынған. Тұлғаға бағдарлану технологиясы әр түрді деңгейлі оқыту мазмұнын оқушылардың жеке дара ерекшеліктеріне қарай бейімдеуді, оқушының даралық ерекшеліктеріне бағдарлануды көздейді. Оқушының белсенділігін қамтамасыз етеді. Сабақ барысында мұғалімдер балаларды сұрақтар қояға, болжам құру, болжамды негіздеу және дәлеледеуге, керекті ақпаратты іздеуге үйретеді. Сөйтіп оқушыларды енжар тыңдаушылардан белсенді оқу мәселесін зерттеушілерге айналдырады. Оқу әрекеті шығармашылық болған кезде материалды игеру сапасы да көтеріледі. Бастысы, балалар оқу ережелерді жаттау емес, ең алдымен қоршаған дүниені және өзін өзі танудағы қызықты әрі шексіз үрдіс екенін түсінеді. Сауат ашу сабақтарында мұғалімдер өнімді оқу технологиясын қолданады, сөйтіп дұрыс оқу дағдысын қалыптастырады. Бұл технология коммуникативтік оқу дағдыларын, оқығанды талдау, өз ойын тұжырымдай білу, авторды түсіне білу, ақпараттан керектісін бөліп алу іскерлігін қалыптастыру нәтижесі сөз болады. "
Zitieren
APA
Аяған, Е. С., Өтебаев, И. С., Сабырбай, Б. Е., & Аналбекова, Қ. Т. (2021). БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series. https://doi.org/10.48081/awga4459
Vancouver
Аяған ЕС, Өтебаев ИС, Сабырбай БЕ, Аналбекова ҚТ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series. 2021. doi:10.48081/awga4459
BibTeX
@article{2021,
author = {Аяған, Еркин Сагынтайулы and Өтебаев, Исатай Сейітұлы and Сабырбай, Бекболат Еділбайұлы and Аналбекова, Қарлығаш Тұрарқызы},
title = {БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series},
year = {2021},
doi = {10.48081/awga4459}
}
EUVIMED