EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ІСКЕ АСЫРУДА БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Р. С. Маусумбаев, Р. К. Толеубекова

Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series · 2022

DOI: 10.48081/alpi1364 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series, 2022. Verfasst von Р. С. Маусумбаев und 1 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitieren

Abstract (Originalsprache)

Жоғары білім берудің бұдан әрі дамуы білім алушыларды дайындау және олардың білім деңгейлерін бақылау процесіне ауқымды түрде компьютерлік және ақпараттық технологияларды, ақпараттық жүйелерге қосуды қамтамасыз ететін жаппай цифрландыру, нарыққа компьютерлік оқу бағдарламаларын, оқу бағдарламалары бар платформаларын көптеп енгізу арқылы жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, аталмыш мақалада цифрлық технологиялар жағдайындағы қашықтықтан оқытуды іске асыруда болашақ әлеуметтік мамандардың қоғам талаптарына сай дамуын қамтамасыздандырып, бұл сапаны өздігінен тиімді дамытудың педагогикалық-психологиялық шарттарын айқындауға мүмкіндік беретін цифрлық платформалардың қызметі қарастырылған. Материалдар мен әдістер бөлімінде қолданыстағы онлайн-білім беру және интерактивті платформалардың құрылымы мен мазмұнын талдау негізінде «Nearpod» және «ZOOM» платформаларында болашақ әлеуметтік педагогтерді оқыту дәрістері әзірленіп, ұйымдастыру тәжірибесі ұсынылады. Сондай-ақ, болашақ әлеуметтік педагогтерді оқытуда аталмыш платформалардың тиімділігі мен мүмкіндіктері үш кезеңде жүргізілген эксперименттік жұмыс барысында тексерілді: айқындаушы, қалыптастырушы және бақылау-бағалау. Аталмыш платформаларды қолдана отырып, педагогтің цифрлық құзыреттіліктерді меңгеру бөлігіндегі іскерлігі біздің еліміздің экономиканың барлық салаларын, соның ішінде білім беру саласын жаппай цифрландыруға көшу жағдайында тек қажеттілікке ғана емес, сонымен қатар шұғыл және де маңызды қажеттілікке айналып отыр. Бұл жағдайда оқытушының міндеті студенттерге өз пәні бойынша қажетті білім берумен қатар, сондай-ақ, цифрландырумен және білім беру процесіне цифрлық технологияны кеңінен енгізумен байланысты еліміздің білім беру жүйесін модернизациялау жағдайында сапалы білім беретін сандық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Zitieren

APA

Маусумбаев, Р. С., & Толеубекова, Р. К. (2022). ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ІСКЕ АСЫРУДА БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series. https://doi.org/10.48081/alpi1364

Vancouver

Маусумбаев РС, Толеубекова РК. ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ІСКЕ АСЫРУДА БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series. 2022. doi:10.48081/alpi1364

BibTeX
@article{2022,
  author = {Маусумбаев, Р. С. and Толеубекова, Р. К.},
  title = {ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ІСКЕ АСЫРУДА БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series},
  year = {2022},
  doi = {10.48081/alpi1364}
}
Kostenlos starten →