АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПРЕСВИТЕРИАНДЫҚ ШІРКЕУЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӘЖІРИБЕСІ
Адам әлемі · 30.10.2026 · 28 (4 (110)) · 216-224
DOI: 10.48010/esy8ta52 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Адам әлемі, online erschienen am 30.10.2026. Verfasst von Эльмира Султанбаева und 2 weiteren Autor:innen. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY 4.0).
Abstract (Originalsprache)
Мақалада Алматы қаласындағы пресвитериандық шіркеулердің әлеуметтік қызметіне талдау жасалады. Зерттеу ішкі қауымдық байланыстарды нығайту, әртүрлі мәдени топтармен өзара әрекеттесу және мемлекеттік, әлеуметтік ұйымдармен байланыс орнату үдерістерін қамтиды. Эмпирикалық материал ретінде «Сион», «Вифлеем», «Надежда» шіркеулерінде жүргізілген сұхбаттар, бақылау және цифрлық контентті сараптау нәтижелері пайдаланылды. Пресвитериандық қауымдардың әлеуметтік қызметі интеграцияны күшейтіп, қалалық бастамаларға серіктес болуға әлеуетті екені анықталды. Зерттеу нәтижелерін түсіндіруде П. Бурдьё, Дж. Коулман және Р. Патнэмнің әлеуметтік капитал туралы классикалық тұжырымдамалары пайдаланылды. Бұл теориялық көзқарастар діни қауымдардың ішкі сенім жүйесін, түрлі әлеуметтік топтармен байланысын және институционалдық құрылымдармен өзара әрекеттесуін терең түсіндіруге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде пресвитериандық шіркеудің догматикалық және экклезиологиялық негіздері жүйеленіп, олардың қазіргі заманғы интерпретациясы заманауи қоғамдық-мәдени өзгерістерге және жергілікті әлеуметтік контекстке бейімделу тұрғысынан зерделенуде. Осы тұрғыдан, Алматы қаласындағы пресвитериан қауымдарының әлеуметтік қызметін пресвитериандық ілім және оның қазақстандық контекстке қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі пресвитериан шіркеулерінің діни және әлеуметтік қызметін тереңірек түсінуге, сондай-ақ қоғамдағы діни келісім мен толеранттылықты нығайтуға ықпал ететін ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді деп негізделеді. Авторлар пресвитериандық қауымдар әлеуметтік қызмет тәжірибесі арқылы Қазақстандағы миссионерлік қызметін жоспарлы жүзеге асыруда деген қорытынды жасайды.
Zitieren
APA
Султанбаева, Э., Бағашаров, Қ., & Карыбаева, А. (2026). АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПРЕСВИТЕРИАНДЫҚ ШІРКЕУЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӘЖІРИБЕСІ. Адам әлемі, 28(4 (110)), 216-224. https://doi.org/10.48010/esy8ta52
Vancouver
Султанбаева Э, Бағашаров Қ, Карыбаева А. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПРЕСВИТЕРИАНДЫҚ ШІРКЕУЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӘЖІРИБЕСІ. Адам әлемі. 2026;28(4 (110)):216-224. doi:10.48010/esy8ta52
BibTeX
@article{2026,
author = {Султанбаева, Эльмира and Бағашаров, Құдайберді and Карыбаева, Айнұр},
title = {АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПРЕСВИТЕРИАНДЫҚ ШІРКЕУЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӘЖІРИБЕСІ},
journal = {Адам әлемі},
year = {2026},
volume = {28},
number = {4 (110)},
pages = {216--224},
doi = {10.48010/esy8ta52}
}
EUVIMED