EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ РЕЛЯТИВИЗМ: ӘЛЕУМЕТТІК КОНСТРУКТИВИЗМ ТҰРҒЫСЫНАН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Ернат Мырзп, Татьяна Лифанова, Нұр Қирабаев

Адам әлемі · 30.06.2026 · 28 (2(108)) · 26-38

DOI: 10.48010/43p42w41 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Адам әлемі, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Ернат Мырзп und 2 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада демократия ұғымының қазіргі теориялық түсіндірмелерінде жиі кездесетін релятивизм мәселесі тарихи-философиялық контексте қайта қарастырылады. Негізгі түйіткілді мәселе ретінде демократияны релятивизм тұрғысынан қарапайым теңестіру және оның философиялық қырларын жеткілікті тереңдіксіз бағалау қарастыралады. Авторлардың ұстанымы бойынша, мұндай теңестіру демократияның ішкі логикасын бұрмалап, оны құндылықтық тұрғыдан әлсіретеді. Зерттеудің мақсаты демократияны біржақты индивидуализмге негізделген жүйе деп санамау, керісінше индивидуализм мен универсализмнің синтезі ретінде негіздеу және релятивизмнің демократиялық тәртіптегі нақты орнын айқындау.Зерттеу барысында Ж.-Ж.Руссо, Т. Гоббс, Дж. Локк, Г. Кельзен, Г. Гурвич еңбектеріне сүйене отырып, теңдік пен бостандық ұғымдарының тарихи эволюциясы талданады. Теңдік механикалық сандық қағидадан гөрі, құқықтық және моральдық тұтастықтағы сапалық принцип ретінде түсіндіріледі. Демократия құқықтың үстемдігіне негізделген әлеуметтік тәртіп ретінде қарастырылып, «саяси релятивизм» ұғымының философиялық релятивизммен тең еместігі дәлелденеді. Релятивизмнің эпистемологиялық, моральдық және мәдени түрлері ажыратылып, олардың демократиялық институттарға әсері талқыланады.Әлеуметтік конструктивизм әдіснамасы (П. Бергер, Т. Лукман) демократия, құқық және бостандықтың табиғи-берілген деп танылатын тұжырымнан гөрі, тарихи және институционалдық тәжірибе арқылы қалыптасатын әлеуметтік мағыналар екенін көрсету үшін қолданылады. Қазіргі демократиялық теориялармен теориялық диалог негізінде (Ю. Хабермастың делиберативті демократиясы, Ш. Муффтың агонистік демократиясы, Дж. Ролздың саяси либерализмі) демократияның релятивизммен күрделі байланысы тереңдетіле талданады.Қорытындыда демократия өзін-өзі жаңғырта алатын ашық жоба ретінде бағаланып, оның болашағы құқықтық мемлекет, әлеуметтік құқықтар және көпдеңгейлі демократияландыру үдерістерімен байланыста негізделеді.

Zitieren

APA

Мырзп, Е., Лифанова, Т., & Қирабаев, Н. (2026). ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ РЕЛЯТИВИЗМ: ӘЛЕУМЕТТІК КОНСТРУКТИВИЗМ ТҰРҒЫСЫНАН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. Адам әлемі, 28(2(108)), 26-38. https://doi.org/10.48010/43p42w41

Vancouver

Мырзп Е, Лифанова Т, Қирабаев Н. ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ РЕЛЯТИВИЗМ: ӘЛЕУМЕТТІК КОНСТРУКТИВИЗМ ТҰРҒЫСЫНАН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. Адам әлемі. 2026;28(2(108)):26-38. doi:10.48010/43p42w41

BibTeX
@article{2026,
  author = {Мырзп, Ернат and Лифанова, Татьяна and Қирабаев, Нұр},
  title = {ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ РЕЛЯТИВИЗМ: ӘЛЕУМЕТТІК КОНСТРУКТИВИЗМ ТҰРҒЫСЫНАН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ},
  journal = {Адам әлемі},
  year = {2026},
  volume = {28},
  number = {2(108)},
  pages = {26--38},
  doi = {10.48010/43p42w41}
}
Kostenlos starten →