EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНА ӘСЕРІ

Ақан Мергембаев, Рашид Мухитдинов, Альбина Дүйсенбаева

Адам әлемі · 30.06.2026 · 28 (2(108)) · 137-149

DOI: 10.48010/02h4vt87 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Адам әлемі, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Ақан Мергембаев und 2 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада Қазақстан Республикасындағы отбасы институтының қазіргі ахуалы және оған әсер ететін бес орталық заңнамалық акт – «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы (1997), ҚР Әлеуметтік кодексі (2023), «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі (2011), «Білім туралы» ҚР Заңы (2007) және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 257 бұйрығы (2023) – кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу нысаны – аталған актілер шеңберінде толық емес отбасы санатына бағдарланған мемлекеттік қолдау тетіктері: атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы, тұрғын үй көмегі және «Бақытты отбасы» бағдарламасы. Зерттеу пәні – «толық емес отбасы» ұғымының заңнамалық бекітілуінің ажырасу динамикасына жанама ынталандырушы әсер ету ықтималдығы, атап айтқанда «жесір», «ажырасқан әйел» және «жалғызбасты ана» мәртебелерін бір ұғымда біріктіру практикасынан туындайтын нормативтік-функционалдық шатасу. Жұмыс үш методологиялық қабатты біріктіреді: (1) формалды-құқықтық талдау – аталған бес актінің мазмұны мен жинақтық ынталандырушы мағынасы; (2) сипаттамалық статистика мен салыстырмалы талдау – ҚР ҰСБ-ның 2022–2025 жж. деректері және ҚР-мен мәдени-нормативтік тұрғыдан ұқсас Ресей Федерациясының Солтүстік Кавказ өңірлерімен салыстыру; (3) нормативтік-этикалық рефлексия – ислам құқығы мен қазақ әдет-ғұрып нормаларын заңнамалық тетіктер реттемейтін аймақтарда салыстырмалы контекст ретінде тарту. Зерттеуде ажырасудың өсуі тек әлеуметтік саясатпен түсіндірілмейтіні мойындалып, ескертпелі гипотеза ретінде толық емес отбасыларға бағытталған қолдау тетіктерінің жанама ынталандырушы мінез-құлықтық әсер ете алуы мүмкін екені талданады. Қорытындыда әлеуметтік бағдарламаларды қайта қарау және татуластыру тетіктерін енгізу бойынша ұсыныстар тұжырымдалады.

Zitieren

APA

Мергембаев, А., Мухитдинов, Р., & Дүйсенбаева, А. (2026). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНА ӘСЕРІ. Адам әлемі, 28(2(108)), 137-149. https://doi.org/10.48010/02h4vt87

Vancouver

Мергембаев А, Мухитдинов Р, Дүйсенбаева А. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНА ӘСЕРІ. Адам әлемі. 2026;28(2(108)):137-149. doi:10.48010/02h4vt87

BibTeX
@article{2026,
  author = {Мергембаев, Ақан and Мухитдинов, Рашид and Дүйсенбаева, Альбина},
  title = {ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНА ӘСЕРІ},
  journal = {Адам әлемі},
  year = {2026},
  volume = {28},
  number = {2(108)},
  pages = {137--149},
  doi = {10.48010/02h4vt87}
}
Kostenlos starten →