EUVIMEDEUVIMED entdecken
Open Access · CC BY 4.0

ХАЛЫҚ ЭТНОГРАФИЯСЫНДА ТҰРАҚТЫ БАСПАНАЛАР ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

Берік Байболов

Turan Archaeology · 30.06.2026 · 1 (1)

DOI: 10.47526/3136-9650.325 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Turan Archaeology, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Берік Байболов. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY 4.0).

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Материалдық мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналған баспана көне дәуірлерден бері адамдардың іс-әрекетінің жемісі ретінде қоршаған ортамен өзара тығыз байланыста қарастырылып келе жатқан негізгі ұғымдардың бірі. Мұнда тұтас халықтың табиғат жағдайы мен географиялық бітімге ыңғайланып қалыптасқан тұрмыс-салтын анықтайды. Адамзат баласы табиғи ортаға бейімделу барысында жер бедерінің ыңғайына қарай баспана мен тұрғын жайларды сала бастады. Халқымыздың өмір сүру деңгейінде де баспананың өзіндік маңызды рөлі болды. Бүгінгі зерттеу мақаламызда халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде өзіндік орны бар тұрақты баспаналарға ғылыми зерттеу тұрғысында сипаттама беретін боламыз. Зерттеу барсында халық санасын өше бастаған халық этнографиясының бір бөлшегі саналатын тұрақты баспаналарды халық жадына сіңіру, сол арқылы өскелең ұрпақ бойына баға жетпес төл тарихымызда орын алатын бай мұраларымызды қайта жаңғырту. Этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің зерттеу еңбектерінде халқымыздың тұрмыс тіршілігінде баспананы екі түрге бөліп қарастырады. Біріншісі - жылжымалы баспана көшіп қонуға ыңғайлы жиналып құрастырылады. Ол көшпелі халықтың тұрмыс тіршілігімен біте қайнасқан. Оған қос, күрке, шошала, абылайша, турылық үй, ақ үй, отау, киіз үйді жатқызады. Екіншісі - тұрақты баспана отырықшылдыққа негізделген. Оған кепе, жеркөпе, жертөле, тошала, қақыра, қоржын үй, өлшекті, тоқал там, тіркеспе, шарбақ үй, дүкен, қыстықты үйлерді жатқызады.

Zitieren

APA

Байболов, Б. (2026). ХАЛЫҚ ЭТНОГРАФИЯСЫНДА ТҰРАҚТЫ БАСПАНАЛАР ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР. Turan Archaeology, 1(1). https://doi.org/10.47526/3136-9650.325

Vancouver

Байболов Б. ХАЛЫҚ ЭТНОГРАФИЯСЫНДА ТҰРАҚТЫ БАСПАНАЛАР ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР. Turan Archaeology. 2026;1(1). doi:10.47526/3136-9650.325

BibTeX
@article{2026,
  author = {Байболов, Берік},
  title = {ХАЛЫҚ ЭТНОГРАФИЯСЫНДА ТҰРАҚТЫ БАСПАНАЛАР ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР},
  journal = {Turan Archaeology},
  year = {2026},
  volume = {1},
  number = {1},
  doi = {10.47526/3136-9650.325}
}
Kostenlos starten →