БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІМЕН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
Yassawi Journal of Engineering Science · 2026
DOI: 10.47526/3135-6877.381 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Yassawi Journal of Engineering Science, 2026. Verfasst von Айгерім Сұлтанәлі und 1 weiteren Autor:innen. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY 4.0).
Abstract (Originalsprache)
Аңдатпа. Зерттеудің мақсаты білім алушылардың қорытынды оқу нәтижесіне әсер ететін негізгі академиялық және оқу мінез-құлық факторларын анықтау және машиналық оқыту әдістерінің көмегімен қорытынды емтихан бағасын болжау дәлдігін салыстырмалы бағалау болып табылады. Экспериментте 2000 білім алушы туралы жазбадан тұратын ашық деректер жиыны пайдаланылды. Кіріс белгілері ретінде сабаққа қатысу, бірінші және екінші аралық тест нәтижелері, тапсырма бағасы және күнделікті оқу уақыты алынды, ал мақсатты айнымалы ретінде 100 балдық шкаладағы қорытынды емтихан бағасы таңдалды. Деректерде бос мәндер анықталмады, студент идентификаторы модельдеуге енгізілмеді. Linear Regression, Decision Tree, Random Forest және Gradient Boosting регрессиялық модельдері 80/20 оқыту-тестілеу бөлуі арқылы салыстырылды. Модельдер MAE, RMSE және R² көрсеткіштерімен бағаланды және нәтижелер 5-қабатты кросс-валидациямен тексерілді. Linear Regression тест жиынында R²=0.830, MAE=3.675 және RMSE=4.618 нәтижелерін көрсетіп, зерттелген модельдердің ішіндегі ең жоғары болжамдық сапаға қол жеткізді. Кросс-валидациядағы орташа R² 0.836±0.008 болды. Корреляциялық талдау сабаққа қатысудың қорытынды бағамен ең жоғары байланысын көрсетті (r=0.726), ал Random Forest бойынша оның маңыздылығы 41.49% болды. Алынған нәтижелер салыстырмалы түрде қарапайым және интерпретацияланатын модельдердің білім беру деректерінде тиімді бола алатынын көрсетеді және ерте академиялық мониторинг жүйелерін әзірлеуге негіз бола алады. Түйін сөздер: машиналық оқыту, оқу үлгерімі, білім алушы, академиялық болжау, білім беру деректері, регрессиялық модель, факторлық талдау.
Zitieren
APA
Сұлтанәлі, А., & Казбекова, Г. (2026). БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІМЕН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ. Yassawi Journal of Engineering Science. https://doi.org/10.47526/3135-6877.381
Vancouver
Сұлтанәлі А, Казбекова Г. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІМЕН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ. Yassawi Journal of Engineering Science. 2026. doi:10.47526/3135-6877.381
BibTeX
@article{2026,
author = {Сұлтанәлі, Айгерім and Казбекова, Гулнур},
title = {БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІМЕН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ},
journal = {Yassawi Journal of Engineering Science},
year = {2026},
doi = {10.47526/3135-6877.381}
}
EUVIMED