EUVIMEDEUVIMED entdecken
Open Access · CC BY 4.0

ГЕЙМИФИКАЦИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР

Н.М. ЖУНИСОВ, Д.К. БЕРДІ

Yassawi Journal of Education Studies · 30.06.2026 · 2 (140) · 84-95

DOI: 10.47526/3107-3123.335 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Yassawi Journal of Education Studies, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Н.М. ЖУНИСОВ und 1 weiteren Autor:innen. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY 4.0).

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Бұл мақалада химия пәнін оқытуда геймификация технологияларын қолданудың инновациялық әдістері қарастырылады. Ойын элементтерін оқу процесіне енгізудің тиімділігі, олардың оқушылардың қызығушылығын арттырудағы, оқу мотивациясын күшейтудегі және білім сапасын жақсартудағы рөлі талданады. Геймификация технологиялары оқушылардың пәнге белсенді қатысуына, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруына және шығармашылық ойлау қабілетін дамытуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ойын элементтерін пайдалану сабақ барысында жағымды психологиялық орта қалыптастырып, оқушылардың өзара қарым-қатынасын және топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді. Мақалада химияны оқытуда қолдануға болатын заманауи геймификация құралдары мен әдістері сипатталып, олардың білім беру сапасына әсері ғылыми тұрғыдан негізделеді. Геймификацияны тиімді қолдану мұғалімге оқыту процесін жаңаша ұйымдастыруға, ал оқушыға – пәнді қызықты әрі нәтижелі меңгеруге жағдай жасайды. Мақалада химия пәнінде ойын технологияларын тиімді пайдалануға арналған нақты әдістемелік ұсыныстар мен педагогикалық тәсілдер ұсынылады. Атап айтқанда, химия пәнінде қолдануға болатын танымдық, дидактикалық, рөлдік және іскерлік ойын түрлері қарастырылып, олардың оқу процесіне ықпалы сипатталады. Мұндай ойындар білім алушылардың ұжымдық жұмыс жасау, шешім қабылдау және логикалық ойлау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Мақалада ұсынылған тәсілдер химияны оқытудың сапасын арттырып қана қоймай, оқу процесін интерактивті және заманауи сипатта ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Zitieren

APA

ЖУНИСОВ, Н., & БЕРДІ, Д. (2026). ГЕЙМИФИКАЦИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР. Yassawi Journal of Education Studies, 2(140), 84-95. https://doi.org/10.47526/3107-3123.335

Vancouver

ЖУНИСОВ Н, БЕРДІ Д. ГЕЙМИФИКАЦИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР. Yassawi Journal of Education Studies. 2026;2(140):84-95. doi:10.47526/3107-3123.335

BibTeX
@article{2026,
  author = {ЖУНИСОВ, Н.М. and БЕРДІ, Д.К.},
  title = {ГЕЙМИФИКАЦИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР},
  journal = {Yassawi Journal of Education Studies},
  year = {2026},
  volume = {2},
  number = {140},
  pages = {84--95},
  doi = {10.47526/3107-3123.335}
}
Kostenlos starten →