EUVIMEDEUVIMED entdecken
Open Access · CC BY 4.0

Ә. НҰРПЕЙІСОВ ИДИОСТИЛІНДЕГІ КОНЦЕПТУАЛДЫ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК МӘНІ

Т.О. ОРЫНБАСАР, А.Б. АМИРБЕКОВА, А.Т. ТӨЛЕБАЕВА

Yassawi Journal of Philology · 30.06.2026 · 2 (2) · 115-132

DOI: 10.47526/3107-3085.72 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Yassawi Journal of Philology, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Т.О. ОРЫНБАСАР und 2 weiteren Autor:innen. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY 4.0).

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің идиостильдік ерекшеліктері «Соңғы парыз» романы негізінде лингвокогнитивтік тұрғыдан зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – жазушы идиостиліндегі метафоралық модельдердің семантикалық және танымдық табиғатын анықтау. Осыған байланысты романдағы «Із», «Теңіз», «Жол» концептілері мен авторлық суреттеу құралдарының лингвокогнитивтік интерпретациясы талданады. Зерттеуде лингвокогнитивтік, стильдік-статистикалық (сандық), концептуалдық және лингвостилистикалық талдау әдістері қолданылды. Теориялық бөлімде идиостиль ұғымының ғылыми негіздері қарастырылып, жеке авторлық стильдің ерекшеліктері айқындалады. Талдау барысында жазушының бейнелі сөз қолданыстары, концептуалды метафоралары, персонаждау, ассоциациялау және символдау тәсілдері кейіпкер психологиясын ашудағы қызметі тұрғысынан сараланады. Роман мәтінінен жинақталған тілдік материалдар ішінен қайталанатын, бірсарынды құрылымдар сұрыпталып, авторлық қолтаңбаны айқын танытатын негізгі 90 репрезентативті тілдік бірлік сандық-сапалық талдауға алынды. Стильдік-статистикалық сұрыптау барысында, олардың 36,7%-ын экспрессивті-динамикалық еліктеуіштер мен бейнелеуіштер, 21,1%-ын ұлттық танымға негізделген концептуалды теңеулер мен портреттік орамдар, 17,8%-ын авторлық әлем бейнесінің басты доминантасы болып табылатын «Теңіз» концептісі, 13,3%-ын этномаркерлі портреттік-диалектілік модельдер, ал 11,1%-ын «Із» бен «Жол» концептілерінің метафоралық құрылымдары құрайтыны анықталды. Зерттеу нәтижесінде Ә. Нұрпейісовтің адам мен табиғат арасындағы философиялық байланысты концептуалды метафоралар арқылы терең бейнелейтіні, психологизмді тереңдететін дербес көркемдік жүйе қалыптастырғаны дәлелденді. Зерттеу нәтижелері жазушының авторлық лексикографиясын жасауға және идиостилін тануға негіз болады. Мақаланың өзектілігі – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің идиостилін лингвокогнитивтік тұрғыдан зерттеу арқылы жазушының дүниетанымын, авторлық концептілер жүйесін және көркем мәтіндегі танымдық модельдердің қалыптасу ерекшеліктерін айқындау қажеттілігімен анықталады.

Zitieren

APA

ОРЫНБАСАР, Т., АМИРБЕКОВА, А., & ТӨЛЕБАЕВА, А. (2026). Ә. НҰРПЕЙІСОВ ИДИОСТИЛІНДЕГІ КОНЦЕПТУАЛДЫ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК МӘНІ. Yassawi Journal of Philology, 2(2), 115-132. https://doi.org/10.47526/3107-3085.72

Vancouver

ОРЫНБАСАР Т, АМИРБЕКОВА А, ТӨЛЕБАЕВА А. Ә. НҰРПЕЙІСОВ ИДИОСТИЛІНДЕГІ КОНЦЕПТУАЛДЫ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК МӘНІ. Yassawi Journal of Philology. 2026;2(2):115-132. doi:10.47526/3107-3085.72

BibTeX
@article{2026,
  author = {ОРЫНБАСАР, Т.О. and АМИРБЕКОВА, А.Б. and ТӨЛЕБАЕВА, А.Т.},
  title = {Ә. НҰРПЕЙІСОВ ИДИОСТИЛІНДЕГІ КОНЦЕПТУАЛДЫ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК МӘНІ},
  journal = {Yassawi Journal of Philology},
  year = {2026},
  volume = {2},
  number = {2},
  pages = {115--132},
  doi = {10.47526/3107-3085.72}
}
Kostenlos starten →