EUVIMEDEUVIMED entdecken
Open Access · CC BY 4.0

Орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін инклюзивті оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

П.М. АДИЕВА, А.А. МУРАТБАЕВ, Ғ.Қ. ЖАПИШЕВА

Yassawi Journal of Philology · 2026

DOI: 10.47526/3107-3085.422 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Yassawi Journal of Philology, 2026. Verfasst von П.М. АДИЕВА und 2 weiteren Autor:innen. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY 4.0).

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақаланың өзектілігі жаһандану дәуіріндегі білім беру парадигмасының өзгеруімен және қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы инклюзивті тәсілдердің жеткіліксіз зерттелуімен айқындалады. Қазіргі таңда инклюзия тек физиологиялық ерекшеліктермен шектелмей, тілдік, әлеуметтік және психологиялық бейімделуді қажет ететін кең ауқымды тенденцияларды қамтиды. Зерттеудің мақсаты – орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқытуда ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың тұлғалық және мәдени дамуын қамтамасыз ететін тиімді әдістемелік модельді негіздеу. Осы мақсатқа жету үшін инклюзивті ортада көркем мәтінді қабылдау ерекшеліктерін анықтау, мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін бағалау және оқыту стратегияларын сұрыптау міндеттері қойылды. Зерттеу қазақ әдебиеті пәнін инклюзивті ортада оқытудың әдістемелік мүмкіндіктерін талдау және жүйелеу негізінде жүргізілді. Мақалада сабақ үдерісінде визуализация, деңгейлік тапсырмалар және интерактивті диалогтық технологияларды қолданудың мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктері айқындалып, олардың оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қолдаудағы рөлі қарастырылды. Талдау нәтижелері аталған тәсілдердің инклюзивті білім беру жағдайында оқу материалының қолжетімділігін арттырып, оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескеруге жағдай жасайтынын көрсетеді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы инклюзивті білім беруді тек медициналық емес, пәндік-әдістемелік контексте (қазақ әдебиеті негізінде) қарастырып, жаңа инновациялық тәсілдерді теориялық тұрғыдан жүйелеуінде. Практикалық құндылығы зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердегі қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулық ретінде, сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру курстарында қосымша материал ретінде қолдану мүмкіндігімен сипатталады. Талдау нәтижелері инклюзивті оқытудың көпкомпонентті стратегияларын сабақ үдерісіне интеграциялаудың тиімділігін дәлелдейді.

Zitieren

APA

АДИЕВА, П., МУРАТБАЕВ, А., & ЖАПИШЕВА, Ғ. (2026). Орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін инклюзивті оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. Yassawi Journal of Philology. https://doi.org/10.47526/3107-3085.422

Vancouver

АДИЕВА П, МУРАТБАЕВ А, ЖАПИШЕВА Ғ. Орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін инклюзивті оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. Yassawi Journal of Philology. 2026. doi:10.47526/3107-3085.422

BibTeX
@article{2026,
  author = {АДИЕВА, П.М. and МУРАТБАЕВ, А.А. and ЖАПИШЕВА, Ғ.Қ.},
  title = {Орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін инклюзивті оқытудың әдістемелік ерекшеліктері},
  journal = {Yassawi Journal of Philology},
  year = {2026},
  doi = {10.47526/3107-3085.422}
}
Kostenlos starten →