EUVIMEDEUVIMED entdecken
Open Access · CC BY 4.0

ТОТАЛИТАРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ САЯСИ ЫҚПАЛ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРБАН БЕЙНЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

А. ӨЗТҮРК, Қ. ҚАБАЙ

Yassawi Journal of Philology · 30.06.2026 · 2 (2) · 80-92

DOI: 10.47526/3107-3085.225 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Yassawi Journal of Philology, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von А. ӨЗТҮРК und 1 weiteren Autor:innen. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY 4.0).

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Терминдер – тілдің маңызды қабатын құрайтын, белгілі бір ұғымды жүйелі түрде атауға мүмкіндік беретін сөздер мен сөз тіркестері, яғни лексикалық бірліктер. Тілдегі терминологиялық құрылым халықтың қоғамдық өмірінде орын алған өзгерістерге байланысты қалыптасып, үнемі жаңарып отырады. XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқы бастан өткерген тарихи үдерістер қоғамдық жадта терең із қалдырды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы көтерілістер, Совет үкіметінің орнауы, ашаршылық жылдары, ұжымдастыру саясаты және саяси жағдайларға байланысты жер аудару кезеңі секілді ірі тарихи оқиғалар қысқа уақыт аралығында бірінен кейін бірі жүзеге асып, қоғамдық құрылымның түбегейлі өзгеруіне алып келді. Бұл мақалада 1937-1938 жылдары жүзеге асырылған жаппай әкімшілік-саяси ықпал шараларының негізін қалаған № 00447 жедел бұйрық лингвистикалық және терминологиялық тұрғыдан қарастырылады. Аталған бұйрық 1937 жылғы 30 шілдеде «аса құпия» мәртебесімен күшіне енгенімен, қазіргі таңда ашық зерттеуге мүмкіндік беретін тарихи құжаттардың бірі саналады. Зерттеу барысында бұйрықтың мазмұны, баптары және қамтыған қолданылу аясы сараланып, мәтіннің лексикалық құрылымы, әсіресе терминологиялық бірліктері талданады. Бұйрық мәтінінде кездесетін негізгі терминдер анықталып, тақырыптық тұрғыдан топтастырылды және олардың қазақ тіліндегі қолданыстары сөздік материалдары негізінде қарастырылды. Терминологиялық құрылымды тақырыптық жағынан жіктеу саяси ықпал құрбандары бастан өткерген үдерістерді ғылыми әрі объективті негізде түсіндіру тұрғысынан маңызды болмақ. Сонымен қатар зерттеуде аталған терминдердің қазақ тіліндегі қолданыстарын сөздіктерде берілген нұсқалар негізінде қайта жүйелеу мақсаты көзделеді. Совет кезеңінде «антисоветтік элемент» ретінде танылып, қоғамдық өмірден шеттетілген жүз мыңдаған адамның бүгінгі күні «құрбан» бейнесі аясында қайта бағалану үдерісі осы бұйрықты тілдік және терминологиялық тұрғыдан зерттеу арқылы жүзеге аса алады. Осы тұрғыдан алғанда мақала саяси ықпал терминологиясы бағытында жүргізілетін болашақ зерттеулерге жаңа әдіснамалық бағдар ұсынуды мақсат етеді.

Zitieren

APA

ӨЗТҮРК, А., & ҚАБАЙ, Қ. (2026). ТОТАЛИТАРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ САЯСИ ЫҚПАЛ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРБАН БЕЙНЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ. Yassawi Journal of Philology, 2(2), 80-92. https://doi.org/10.47526/3107-3085.225

Vancouver

ӨЗТҮРК А, ҚАБАЙ Қ. ТОТАЛИТАРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ САЯСИ ЫҚПАЛ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРБАН БЕЙНЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ. Yassawi Journal of Philology. 2026;2(2):80-92. doi:10.47526/3107-3085.225

BibTeX
@article{2026,
  author = {ӨЗТҮРК, А. and ҚАБАЙ, Қ.},
  title = {ТОТАЛИТАРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ САЯСИ ЫҚПАЛ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРБАН БЕЙНЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ},
  journal = {Yassawi Journal of Philology},
  year = {2026},
  volume = {2},
  number = {2},
  pages = {80--92},
  doi = {10.47526/3107-3085.225}
}
Kostenlos starten →