EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

КЕЛЕС ӨҢІРІ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫНЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

Д.А Талеев

Cultural Heritage · 29.06.2026 · 112 (3) · 75-88

DOI: 10.47500/2026.v26.i2.06 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Cultural Heritage, online erschienen am 29.06.2026. Verfasst von Д.А Талеев.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада Келес өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен қоныстардың типологиялық ерекшеліктері археологиялық материалдар негізінде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – өңірдегі ескерткіштердің құрылымдық сипатын, орналасу ерекшеліктерін және қорғаныс жүйелерін саралау арқылы оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеу. Ортағасырлық қалалар мен қоныстарды жіктеу мәселесі археология ғылымында маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осыған байланысты археологиялық әдебиеттерде ескерткіштерді көлеміне, топографиялық орналасуына, құрылыс жүйесіне, мәдени қабаттарының сипатына және қорғаныс құрылыстарының ерекшеліктеріне қарай топтастыру кеңінен қолданылып келеді.Зерттеу барысында А.Д. Люблинская, В.М. Массон, Э.В. Ртвеладзе, Ю.А. Заднепровский, В.М. Ростовцев, Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич, К.А. Ақышев, К.М. Байпақов, А.Н. Бернштам, П.Н. Кожемяко және М. Елеуов сияқты ғалымдардың еңбектері негізге алынды. Аталған зерттеушілер ортағасырлық қалалар мен қоныстарды олардың көлемдік көрсеткіштері, ішкі құрылымы, орналасқан ортасы және атқарған қызметіне байланысты бірнеше топтарға бөліп қарастырған. Бұл ғылыми тұжырымдар Келес өңіріндегі археологиялық ескерткіштерді жүйелеуде маңызды әдістемелік құрал бола білді.Келес өңіріндегі ескерткіштерді талдау кезінде олардың көлемі үш құрамдас бөліктен тұратын құрылымына (цитадель, шахристан, рабад), қорғаныс қабырғалары мен мұнараларының сақталу деңгейіне ерекше назар аударылды. Сонымен бірге Жетісу және Шу-Талас аймақтарында жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері салыстырмалы түрде пайдаланылып, ескерткіштерді топографиялық және фортификациялық белгілеріне қарай жіктеу тәжірибесі қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Келес өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен қоныстардың өзіндік типологиялық белгілері анықталып, олардың тарихи-мәдени дамуы, орны мен урбанизация үдерісіндегі маңызы айқындалды.

Zitieren

APA

Талеев, Д. (2026). КЕЛЕС ӨҢІРІ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫНЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ. Cultural Heritage, 112(3), 75-88. https://doi.org/10.47500/2026.v26.i2.06

Vancouver

Талеев Д. КЕЛЕС ӨҢІРІ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫНЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ. Cultural Heritage. 2026;112(3):75-88. doi:10.47500/2026.v26.i2.06

BibTeX
@article{2026,
  author = {Талеев, Д.А},
  title = {КЕЛЕС ӨҢІРІ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫНЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ},
  journal = {Cultural Heritage},
  year = {2026},
  volume = {112},
  number = {3},
  pages = {75--88},
  doi = {10.47500/2026.v26.i2.06}
}
Kostenlos starten →