EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ СОЗАҚ: АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН

А. Молдахмет, М. Елеуов, Д. Талеев, С. Есен

Cultural Heritage · 30.03.2026 · 8-21

DOI: 10.47500/2026.v25.i1.01 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Cultural Heritage, online erschienen am 30.03.2026. Verfasst von А. Молдахмет und 3 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада Қазақ хандығының саяси-экономикалық тарихында елеулі орын алған ортағасырлық Созақ қаласының археологиялық зерттелу тарихы мен негізгі нәтижелері жан-жақты қарастырылады. Негізгі назар Созақ қаласының орнында әр жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулерге, әсіресе 2010-2012 жылдар аралығындағы қазба жұмыстарының қорытындыларына аударылған. Зерттеу барысында қаланың топографиясы, құрылымдық бөліктері, мерзімделуі және қорғаныс жүйелері ғылыми тұрғыда талданады. Сонымен қатар Созақтың Қаратаудың теріскей беткейінде орналасқан екі ортағасырлық қала орнынан – Тарсатөбе мен кейінгі Созақтан тұратындығы археологиялық деректер негізінде дәлелденеді. ХХ ғасырдың ортасынан бастап Ә.Х. Марғұлан, А.Н. Бернштам, Л.Б. Ерзакович, А.Н. Подушкин бастаған ғалымдар жүргізген зерттеулердің нәтижелері жүйеленіп, олардың мерзімдемелік тұжырымдары салыстырмалы түрде қарастырылады. Археологиялық және стратиграфиялық деректер Созақ аумағында б.з.д. ІІІ ғасырдан ХІХ ғасырға дейін үздіксіз тіршілік болғанын көрсетеді, бұл қаланың шамамен 2000 жылдық тарихы бар екенін айғақтайды.Сондай-ақ мақалада жазба деректер мен археологиялық мәліметтерді салыстыра отырып, Созақтың ХV–ХVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының тірек қалаларының бірі болғаны, маңызды сауда, әскери-стратегиялық және әкімшілік орталық қызметін атқарғаны баяндалады. Қаланың Ұлы дала мен отырықшы өркениет тоғысқан аймақта орналасуы оның экономикалық маңызын арттырған.

Zitieren

APA

Молдахмет, А., Елеуов, М., Талеев, Д., & Есен, С. (2026). ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ СОЗАҚ: АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН. Cultural Heritage, 8-21. https://doi.org/10.47500/2026.v25.i1.01

Vancouver

Молдахмет А, Елеуов М, Талеев Д, Есен С. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ СОЗАҚ: АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН. Cultural Heritage. 2026:8-21. doi:10.47500/2026.v25.i1.01

BibTeX
@article{2026,
  author = {Молдахмет, А. and Елеуов, М. and Талеев, Д. and Есен, С.},
  title = {ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ СОЗАҚ: АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН},
  journal = {Cultural Heritage},
  year = {2026},
  pages = {8--21},
  doi = {10.47500/2026.v25.i1.01}
}
Kostenlos starten →