EUVIMEDEUVIMED entdecken
Open Access · CC BY-NC 4.0

САРЫАРҚА ТҰҚЫМЫ (ЖАҢААРҚА ТИПІ) ҚОЙЛАРЫНЫҢ ЕТ ӨНІМДІЛІГІ МЕН ЕТТІҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Айнұр Орақбаева, Шолпан Адылканова, Бибігүл Сансызбаева, Ерлік Баймәжі

Izdenister natigeler · 27.02.2026 · 28 (1(109)) · 56-65

DOI: 10.37884/1-2026/06 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Izdenister natigeler, online erschienen am 27.02.2026. Verfasst von Айнұр Орақбаева und 3 weiteren Autor:innen. Die Arbeit nennt 14 Literaturangaben. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY-NC 4.0).

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада Сарыарқа қой тұқымының (Жаңаарқа типі) әртүрлі аталық іздерінен алынған 4 және 7 айлық еркек қозылардың ет өнімділігі мен еттің сапалық көрсеткіштері кешенді түрде зерттелді. Зерттеу нысаны ретінде 12 бас қозы алынып, бақылау сойыс, химиялық, аминқышқылдық, витаминдік, физика-химиялық және микроструктуралық әдістер қолданылды. Нәтижелер бойынша 7 айлық қозылардың тірілей салмағы 39,5 кг болып, 4 айлық қозылардан (37,5 кг) 2,0 кг-ға жоғары болды. Алайда 4 айлық қозыларда ұша шығымы 46,4 %, сойыс шығымы 53,6 % болып, 7 айлық қозыларға (41,5 және 50,3 %) қарағанда жоғары деңгейде анықталды. 7 айлық қозыларда май ұлпасының жинақталуы күшейіп, құйрық шығымы 6,7 %, ішкі май шығымы 2,37 % құрады. Еттің химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде жас ұлғайған сайын май мөлшерінің 6,44 %-дан 18,03 %-ға дейін артқаны, ал ылғал мөлшерінің 73,18 %-дан 61,64 %-ға дейін төмендегені анықталды. Аминқышқылдық талдау 4–7 айлық қозылар етінде ауыстырылмайтын аминқышқылдардың жоғары деңгейін (8,93–11,47 г/100 г белок) көрсетті. Сонымен қатар еттің витаминдік құрамы (В₁, В₂, РР), сіңімділігі, нәзіктігі және микроструктуралық көрсеткіштері оның жоғары биологиялық және тағамдық құндылығын дәлелдеді. Зерттеу нәтижелері Сарыарқа (жаңаарқа типі) қозыларын 4 айлық жаста сою жоғары сапалы, экологиялық қауіпсіз ет өндіру үшін тиімді екенін көрсетеді.

Zitieren

APA

Орақбаева, А., Адылканова, Ш., Сансызбаева, Б., & Баймәжі, Е. (2026). САРЫАРҚА ТҰҚЫМЫ (ЖАҢААРҚА ТИПІ) ҚОЙЛАРЫНЫҢ ЕТ ӨНІМДІЛІГІ МЕН ЕТТІҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ. Izdenister natigeler, 28(1(109)), 56-65. https://doi.org/10.37884/1-2026/06

Vancouver

Орақбаева А, Адылканова Ш, Сансызбаева Б, Баймәжі Е. САРЫАРҚА ТҰҚЫМЫ (ЖАҢААРҚА ТИПІ) ҚОЙЛАРЫНЫҢ ЕТ ӨНІМДІЛІГІ МЕН ЕТТІҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ. Izdenister natigeler. 2026;28(1(109)):56-65. doi:10.37884/1-2026/06

BibTeX
@article{2026,
  author = {Орақбаева, Айнұр and Адылканова, Шолпан and Сансызбаева, Бибігүл and Баймәжі, Ерлік},
  title = {САРЫАРҚА ТҰҚЫМЫ (ЖАҢААРҚА ТИПІ) ҚОЙЛАРЫНЫҢ ЕТ ӨНІМДІЛІГІ МЕН ЕТТІҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ},
  journal = {Izdenister natigeler},
  year = {2026},
  volume = {28},
  number = {1(109)},
  pages = {56--65},
  doi = {10.37884/1-2026/06}
}
Kostenlos starten →