EUVIMEDEUVIMED entdecken
Open Access · CC BY-NC-ND 4.0

Алматы облысындағы нәрестелер мен сәбилер өлімі: динамикалық талдау және медициналық көмекті ұйымдастыруды оңтайландыру жолдары

А.З. Кусаинов, Н.С. Божбанбаева, Г.Б. Алтынбаева, Г.С. Бердиярова, Р.А. Майкупова, С.С. Жексенғұл

Репродуктивная медицина (Центральная Азия) · 31.03.2026 · (1)

DOI: 10.37800/rm.1.2026.721 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Репродуктивная медицина (Центральная Азия), online erschienen am 31.03.2026. Verfasst von А.З. Кусаинов und 5 weiteren Autor:innen. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY-NC-ND 4.0).

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Өзектілігі: Әлемнің кез келген мемлекетінде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін, денсаулық сақтау жүйесінің сапасын және ана мен балаға көрсетілетін көмектің тиімділігін айқындайтын негізгі индикатор – 0-1 жас аралығындағы сәбилер өлімі-жітімі. Бұл көрсеткіш екі маңызды кезеңді қамтиды: нәрестенің алғашқы 28 күнін (неонаталдық) және бір айдан бір жасқа дейінгі уақытты (постнеонаталдық). Бұл мақалада Алматы облысы мысалында нәрестелер мен сәбилер өлімінің себеп-салдарлық байланысы талданып, стационарлық және алғашқы медико-санитарлық көмек деңгейіндегі өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылады.. Мақсаты: 2024 және 2025жылдардың 10 айлық көрсеткіштерін салыстыру негізінде неонаталды және СӨЖ талдау жасау, сәбилер өлімінің себептерін анықтау. Материалдар және әдістер: Зерттеудің негізін Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарға жүргізілген кешенді мониторинг нәтижелері мен ресми статистикалық деректер құрады. Нәтижелер: 2024 және 2025 жылдың 10 айлық көрсеткіштерін салыстырмалы талдау нәтижесінде сәбилер өлім деңгейінің 37%-ға (2024 жылы – 9,2‰, 2025 жылы – 5,8‰) төмендегені анықталды. Оң динамика медициналық көмектің барлық деңгейлерінде көрсетілетін қызмет сапасының артқанын көрсетеді. 1 000 тірі туылған нәрестеге шаққандағы неонаталдық өлім көрсеткіштерін жас кезеңдері бойынша талдау барлық жас топтарында төмендеу үрдісін көрсетті: ерте неонаталдық өлім– 21,5%-ға, кеш неонаталдық– 54,1%-ға, жалпы неонаталдық өлім – 38,0%-ға, постнеонаталдық өлім – 35,4%-ға төмендеген. Сәбилер өлім жалпы құрылымындағы нәрестелер өлімі үлесі 1,9%-ға азайып, 52,2%-ды құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңінде – 53,2%). Шетінеген нәрестелердің ауру тарихын зерделеу мерзімінен бұрын босану және онымен байланысты асқынулардың неонаталдық және нәрестелік кезеңдердегі өлімнің жетекші себептері болып қала беретінін растады. Келесі орындарда туа біткен даму ақаулары, инфекциялық аурулар, жүрек-қантамыр және орталық жүйке жүйесінің патологиялары тіркелді. Постнеонаталдық өлім құрылымында жазатайым оқиғалар салдарынан болған өлім жағдайларының, соның ішінде асфиксия, жарақаттар, уланулар және бөгде заттардың аспирациясы нәтижесіндегі өлім көрсеткіштерінің артуы ерекше назар аудартады. Түйін сөздер: нәрестелер өлімі, сәбилер өлімі, постнеонаталдық кезең, АМСК, патронаж, антенаталдық күтім, Алматы облысы

Zitieren

APA

Кусаинов, А., Божбанбаева, Н., Алтынбаева, Г., Бердиярова, Г., Майкупова, Р., & Жексенғұл, С. (2026). Алматы облысындағы нәрестелер мен сәбилер өлімі: динамикалық талдау және медициналық көмекті ұйымдастыруды оңтайландыру жолдары. Репродуктивная медицина (Центральная Азия). https://doi.org/10.37800/rm.1.2026.721

Vancouver

Кусаинов А, Божбанбаева Н, Алтынбаева Г, Бердиярова Г, Майкупова Р, Жексенғұл С. Алматы облысындағы нәрестелер мен сәбилер өлімі: динамикалық талдау және медициналық көмекті ұйымдастыруды оңтайландыру жолдары. Репродуктивная медицина (Центральная Азия). 2026. doi:10.37800/rm.1.2026.721

BibTeX
@article{2026,
  author = {Кусаинов, А.З. and Божбанбаева, Н.С. and Алтынбаева, Г.Б. and Бердиярова, Г.С. and Майкупова, Р.А. and Жексенғұл, С.С.},
  title = {Алматы облысындағы нәрестелер мен сәбилер өлімі: динамикалық талдау және медициналық көмекті ұйымдастыруды оңтайландыру жолдары},
  journal = {Репродуктивная медицина (Центральная Азия)},
  year = {2026},
  number = {1},
  doi = {10.37800/rm.1.2026.721}
}
Kostenlos starten →