Жасыл технологияда фиторемедиацияны қолдану әдістерін зерттеу
Journal of Ecology and Sustainability · 03.04.2026 · 154 (1) · 93-108
DOI: 10.32523/pz31qd44 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Journal of Ecology and Sustainability, online erschienen am 03.04.2026. Verfasst von Лайла Калимолдина und 4 weiteren Autor:innen. Die Arbeit nennt 24 Literaturangaben. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY-NC 4.0).
Abstract (Originalsprache)
Қоршаған ортаның ластануы жаһандық экологиялық қауіп сипатына ие болды, қазіргі жағдай үкіметтің, ғалымдардың, жұртшылықтың алаңдаушылығын тудырды және экономикалық үрдістер барысында ластаушы заттарға айналған элементтердің табиғаттағы айналымының қарапайым және жеткілікті тиімді технологияларын жасау қажеттілігін туындатты. Бүгінгі күнге дейін белгілі қоршаған ортаны тазарту тұжырымдамасына ең сәйкес келетін әдіс фиторемедиация болып табылады, оның негізінде өсімдіктердің субстраттан радиоактивті немесе ластаушы элементтерді алудың гипераккумулятивті қабілеті жатыр. Осы ғылыми-зерттеу жұмысы фиторемедиация технологиясының негізгі элементтерін әзірлеуге бағытталған. Фиторемедиацияға қатысатын процестер табиғи жағдайда жүретіндіктен, ластанған аймақтар адамның араласуынсыз өсімдіктермен өзін-өзі тазартуға бейім және ластану деңгейі төмен аудандарда қолдануға жарамды. Жұмыстың негізгі мақсаты – ауыр металдармен ластанған топырақтарды фитоиндикациялау және фиторемедиациялау мүмкіндігін зерттеу, сонымен қатар фиторемедиация әдісін қолдана отырып, табиғи экологиялық тазартқыш өсімдіктерді зерттеу. Зерттеу барысында қазіргі заманғы ғылыми-техникалық, нормативтік, әдістемелік әдебиеттерге аналитикалық шолу жүргізілді, зерттеу бағдарламасы әзірленді, тиісті әдістемелер таңдалды, зертханалық және далалық жағдайларда тәжірибелер жүргізілді. Зертханалық және далалық тәжірибелердің нәтижелері талданды. Бірнеше далалық сынақтар Алматы қаласы және Алматы облысының ауа ортасын тазарту үшін Павловния өсімдігін пайдалану мүмкіндігін растады. Зерттеу нәтижелері тез өсетін Павловния ағашының көмегімен ауыр металдармен (кадмий, қорғасын, мышьяк және сурьма) ластанған жерлерде топырақ қабатын қалпына келтіруге болатынын көрсетеді. Фиторемедиация әдісінің барлық артықшылықтары мен шектеулері зерттеліп, эксперименталды түрде көрсетілді. Зерттеу нәтижелері ластанған топырақтағы қоршаған ортаға әсерді азайту үшін фиторемедиация әдісінің қолайлылығын анықтайды.
Zitieren
APA
Калимолдина, Л., Шаихова, Ж., Султангазиева, Г., Жақсыбаева, Г., & Аскарова, Ш. (2026). Жасыл технологияда фиторемедиацияны қолдану әдістерін зерттеу. Journal of Ecology and Sustainability, 154(1), 93-108. https://doi.org/10.32523/pz31qd44
Vancouver
Калимолдина Л, Шаихова Ж, Султангазиева Г, Жақсыбаева Г, Аскарова Ш. Жасыл технологияда фиторемедиацияны қолдану әдістерін зерттеу. Journal of Ecology and Sustainability. 2026;154(1):93-108. doi:10.32523/pz31qd44
BibTeX
@article{2026,
author = {Калимолдина, Лайла and Шаихова, Жанат and Султангазиева, Гулбарам and Жақсыбаева, Гүлжан and Аскарова, Шинар},
title = {Жасыл технологияда фиторемедиацияны қолдану әдістерін зерттеу},
journal = {Journal of Ecology and Sustainability},
year = {2026},
volume = {154},
number = {1},
pages = {93--108},
doi = {10.32523/pz31qd44}
}
EUVIMED