EUVIMEDEUVIMED entdecken
Open Access · CC BY-NC 4.0

Галофитті өсімдіктердің ауыр металдар және тұздармен ластанған топырақтарды фитотазартудағы рөлі: дүниежүзілік тәжірибе және Қазақстан үшін мүмкіндіктер

Асанәлі Қабдулмәжитұлы, Жанар Рахымжан, Румия Тазитдинова

Journal of Ecology and Sustainability · 2025

DOI: 10.32523/c1c0kp74 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Journal of Ecology and Sustainability, 2025. Verfasst von Асанәлі Қабдулмәжитұлы und 2 weiteren Autor:innen. Die Arbeit nennt 53 Literaturangaben. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY-NC 4.0).

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Топырақтың тұздануы мен ауыр металдармен ластануы қазіргі кезеңде жер ресурстарының деградациясына алып келетін негізгі экологиялық факторлардың қатарына жатады. Бұл құбылыстар әсіресе құрғақ және жартылай құрғақ аймақтарда кең таралып, ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне, топырақтың физика-химиялық қасиеттерінің бұзылуына және экожүйелердің тұрақтылығының әлсіреуіне себеп болуда. Аридті климат жағдайында тұздану мен техногендік ластану көбіне бір мезгілде байқалып, топырақтың табиғи өзін-өзі қалпына келтіру процестерін айтарлықтай шектейді. Осыған байланысты экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі ұзақ мерзімді қалпына келтіру тәсілдерін іздеу өзекті болып отыр. Бұл шолу-зерттеуде тұзданған және ауыр металдармен (Pb, Cd, Zn, Cu) ластанған топырақтарды фитотазартуда галофитті өсімдіктердің рөлі жан-жақты қарастырылды. Әсіресе Salicornia europaea, Suaeda, Atriplex және басқа да галофит түрлерінің тұз иондары мен ауыр металдарды жинақтау қабілеті физиологиялық және молекулалық деңгейде талданды. Дүниежүзілік зерттеулердің нәтижелері Қазақстан аумағындағы деректермен салыстырылып, фиторемедиация тиімділігіне әсер ететін экологиялық және геохимиялық факторлар айқындалды. Зерттеу нәтижелері галофитті өсімдіктердің кешенді ластанған топырақтарда тұздану деңгейін төмендетумен қатар ауыр металдардың биожетімді және жылжымалы формаларын азайта алатынын көрсетті. Қазақстан жағдайында галофиттерді қолдану деградацияланған жерлерді қалпына келтіру, экожүйелік тұрақтылықты арттыру және экологиялық тәуекелдерді басқару тұрғысынан перспективті бағыт болып табылады. Алынған қорытындылар фиторемедиацияны табиғи-бағдарланған және ғылыми негізделген шешім ретінде практикалық қолдануға мүмкіндік береді. Бұл бағытты дамыту жер ресурстарын ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақты агроэкожүйелерді қалыптастыру үшін маңызды.

Zitieren

APA

Қабдулмәжитұлы, А., Рахымжан, Ж., & Тазитдинова, Р. (2025). Галофитті өсімдіктердің ауыр металдар және тұздармен ластанған топырақтарды фитотазартудағы рөлі: дүниежүзілік тәжірибе және Қазақстан үшін мүмкіндіктер. Journal of Ecology and Sustainability. https://doi.org/10.32523/c1c0kp74

Vancouver

Қабдулмәжитұлы А, Рахымжан Ж, Тазитдинова Р. Галофитті өсімдіктердің ауыр металдар және тұздармен ластанған топырақтарды фитотазартудағы рөлі: дүниежүзілік тәжірибе және Қазақстан үшін мүмкіндіктер. Journal of Ecology and Sustainability. 2025. doi:10.32523/c1c0kp74

BibTeX
@article{2025,
  author = {Қабдулмәжитұлы, Асанәлі and Рахымжан, Жанар and Тазитдинова, Румия},
  title = {Галофитті өсімдіктердің ауыр металдар және тұздармен ластанған топырақтарды фитотазартудағы рөлі: дүниежүзілік тәжірибе және Қазақстан үшін мүмкіндіктер},
  journal = {Journal of Ecology and Sustainability},
  year = {2025},
  doi = {10.32523/c1c0kp74}
}
Kostenlos starten →