Қызылорда облысы топырақ жамылғысының тұздану көрсеткіштері
Journal of Ecology and Sustainability · 2026
DOI: 10.32523/4wbxp968 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Journal of Ecology and Sustainability, 2026. Verfasst von Салтанат Ибадуллаева und 4 weiteren Autor:innen. Die Arbeit nennt 29 Literaturangaben. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY-NC 4.0).
Abstract (Originalsprache)
Топырақтың өнімділігін айқындайтын қасиеттерінің көпжылдық динамикасын зерттеу мәселесі – топырақтану ғылымындағы ең өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Бұл мәселе әсіресе аридті аймақтарда өте өткір сипатқа ие, өйткені мұнда суармалауға, жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне және ирригациялық-гидроморфты немесе жартылай гидроморфты топырақтардың қалыптасуына байланысты екінші реттік тұздану үдерістері кеңінен таралған. Қызылорда облысында суармалы егістік жерлердің басым бөлігі тұйық ойыстарда орналасқан, бұл қайта тұздану үшін қолайлы жағдай туғызады. Сонымен қатар cyapy нормалары дұрыс сақталмаған жағдайда егістік алқаптардағы топырақ құнарлылығы өзгеріп, соның салдарынан құнарлы жерлердің аумағы азайып, топырақтың екінші реттік тұздануы жүреді. Егістік жерлердің мелиоративтік жағдайының нашарлауы қайта тұздануға және тұзды жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Кейбір жағдайларда қайталама тұздану күріш алқаптарынан келетін судың cyapy арналары арқылы егістік жерлерге түсуі нәтижесінде де байқалады. су және жер ресурстарын ұтымсыз пайдалану, аумақтардың құрғауы мен шөлденуі топырақ пен жер асты суларының тұздану үдерістерін күшейтеді. Рельефтің үстірт бөліктерінде, ойпаңдарда және теңіз жағалауында сұр-қоңыр топырақтар мен әртүрлі сортаңдар кең таралған. Арал теңізі деңгейінің үздіксіз төмендеуіне байланысты сортаң алқаптардың аумағы тұрақты түрде ұлғайып келеді. Айта кету керек, күріш егісі аудандарында тұзданған топырақтарды картографиялау жұмыстары бұрын жүргізілмеген. Осыдан қазіргі тұзданған жерлердің аудандарын және олардың таралу динамикасын жан-жақты түгендеу қажеттілігі туындайды. Мақалада Қызылорда облысындағы тұзданған топырақтарды бірқатар көрсеткіштер бойынша бағалау деректері берілген, соның ішінде тұздану типі мен тұздардың орналасу тереңдігі қарастырылған. Сондай-ақ сульфат-аниондардың, кальций катиондарының, магний иондарының мөлшеріне химиялық талдау жасалып, натрий мен калий иондарының пайыздық үлесі қарастырылған.
Zitieren
APA
Ибадуллаева, С., Зияева, Г., Тоқтағанова, Г., Ажмолдаева, К., & Тулеубаев, Ж. (2026). Қызылорда облысы топырақ жамылғысының тұздану көрсеткіштері. Journal of Ecology and Sustainability. https://doi.org/10.32523/4wbxp968
Vancouver
Ибадуллаева С, Зияева Г, Тоқтағанова Г, Ажмолдаева К, Тулеубаев Ж. Қызылорда облысы топырақ жамылғысының тұздану көрсеткіштері. Journal of Ecology and Sustainability. 2026. doi:10.32523/4wbxp968
BibTeX
@article{2026,
author = {Ибадуллаева, Салтанат and Зияева, Гулнар and Тоқтағанова, Гульжас and Ажмолдаева, Клара and Тулеубаев, Жақсыбай},
title = {Қызылорда облысы топырақ жамылғысының тұздану көрсеткіштері},
journal = {Journal of Ecology and Sustainability},
year = {2026},
doi = {10.32523/4wbxp968}
}
EUVIMED