EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

Бірдей бөлшектер үшін фермионды динамикалы-симметриялық модельді ықшамдау және оны бозондық кеңістікке бейнелеу

Н.О. Қойлық, Г.А. Баймбетова, А. Дәлелханқызы, Г.А. Қаптағай, Жазира Примкулова

REPORTS · 23.06.2026 · (2)

DOI: 10.32014/2026.2518-1483.436 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift REPORTS, online erschienen am 23.06.2026. Verfasst von Н.О. Қойлық und 4 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Аңдатпа. Бұл жұмыста бірдей фермиондардан тұратын көпбөлшекті ядролық жүйелерді сипаттауға арналған фермионы динамика-симметриялық модельдің ықшамдалған нұсқасы қарастырылады. Мұндай тәсілге қызығушылық ядролардағы нуклондардың микроскопиялық өзара әсерлесу ерекшеліктерін сақтай отырып, ұжымдық қасиеттерді сипаттаудың ықшам әрі есептеу тұрғысынан тиімді әдістерін құру қажеттілігімен байланысты болды. Зерттеу барысында ядро спектрінің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын ұжымдық жұптық күйлерді бөліп көрсету арқылы тәуелсіз айнымалылар санын азайту мүмкіндігі талданады және көрсетілді. Орташа және ауыр атомдық массалы ядролардың ұжымдық күйлерін қабықшалық-нуклондық тұрғыдан сипаттау әлі де күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан, ұжымдық қозуларды макроскопиялық түрде зерттейтін модельдер әрдайым үлкен қызығушылық тудыртумен қатар олардың ядролардың дәстүрлі қабықшалық құрылымымен байланысы жеткілікті түрде берік емес. Ал бұларға қарағанда, көпнуклонды жүйелердің ұжымдық қозуларын сипаттауға ұсынылған фермионды динамика-симметрия моделі ядролардың қабықшалық моделімен тікелей байланысты болып табылады. Негізгі назарда, фермиондық операторларды бозондық кеңістікке бейнелеу процедурасына аударылған болатын. Мұндай түрлендіру өзара әсерлесетін фермиондар жүйесінің күрделі сипаттамасын тиімді бозондық операторларға негізделген қарапайым алгебралық схемаға ауыстыруға мүмкіндік береді. Түрлендіруден кейін Гамильтониан құрылымының едәуір ықшамдалатыны, ал энергия деңгейлерін, ұжымдық қозуларды және ауысу ықтималдықтарын зерттеу айтарлықтай жеңілдейтіні көрсетілді. Сонымен қатар, ұсынылған әдіс бастапқы фермиондық модельдің негізгі симметриялық қасиеттерін сақтайтыны атап өтіледі. Бұл ядролық жүйелердің физикалық сипаттамаларын дұрыс бейнелеуге мүмкіндік береді. Алгебралық және теориялық-топтық әдістерді пайдалану спектрлік заңдылықтарды талдау мүмкіндіктерін кеңейтіп, алынған нәтижелерді түсіндіруді жеңілдетеді. Ұсынылған тәсіл сфералық және әлсіз деформацияланған ядроларды зерттеуде тиімді қолданылып, теориялық ядролық физикадағы есептеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Zitieren

APA

Қойлық, Н., Баймбетова, Г., Дәлелханқызы, А., Қаптағай, Г., & Примкулова, Ж. (2026). Бірдей бөлшектер үшін фермионды динамикалы-симметриялық модельді ықшамдау және оны бозондық кеңістікке бейнелеу. REPORTS. https://doi.org/10.32014/2026.2518-1483.436

Vancouver

Қойлық Н, Баймбетова Г, Дәлелханқызы А, Қаптағай Г, Примкулова Ж. Бірдей бөлшектер үшін фермионды динамикалы-симметриялық модельді ықшамдау және оны бозондық кеңістікке бейнелеу. REPORTS. 2026. doi:10.32014/2026.2518-1483.436

BibTeX
@article{2026,
  author = {Қойлық, Н.О. and Баймбетова, Г.А. and Дәлелханқызы, А. and Қаптағай, Г.А. and Примкулова, Жазира},
  title = {Бірдей бөлшектер үшін фермионды динамикалы-симметриялық модельді ықшамдау және оны бозондық кеңістікке бейнелеу},
  journal = {REPORTS},
  year = {2026},
  number = {2},
  doi = {10.32014/2026.2518-1483.436}
}
Kostenlos starten →