EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау тетіктері: салыстырмалы-құқықтық талдау

Р.Б. Ботагарин, М.Н. Абыласимов

Bulletin of the Karaganda University “Law Series” · 22.06.2026 · 31 (2) · 6-15

DOI: 10.31489/2026l2/6-15 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of the Karaganda University “Law Series”, online erschienen am 22.06.2026. Verfasst von Р.Б. Ботагарин und 1 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақала Қазақстан Республикасы және кейбір шет мемлекеттердегі әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау тетіктеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуге және жеке тұлғаның құқықтарына конституциялық кепілдіктер мен әскери тәртіп талаптары арасындағы тепе теңдікті қамтамасыз ету бойынша тиімді жақтарын анықтауға арналған. XXI ғасырда қазіргі орын алып жатқан кез келген мемлекеттік немесе жеке қатынас түрі алдымен адам құқықтарының жүзеге асырылуымен, оларды қорғау тетіктерінің толықтығымен тікелей байланысты. Зерттеу мақсаты — шет елдердегі әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау ерекшеліктеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу арқылы тиімді құқық қорғау үлгісін анықтау. Зерттеу барысында салыстырмалы-құқықтық, формальды-заң, жүйелік құрылымдық және адам құқықтарын қорғау бойынша тәжірибелерге талдау жүргізу әдістері қолданылды. Зерттеу аясында Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Германия, Швеция Республикаларының, Америка Құрама Штаттарының әскери саладағы заңнамаларына талдаулар жасалды. Нәтижесінде әскери қызметшілердің құқықтарын қорғауда ведомстваішілік, соттық, парламенттік, халықаралық бақылауды қамтитын көпдеңгейлі құқық қорғау үлгісінің тиімділігі анықталып отыр. Қазақстан мен Ресейде адам құқықтарын қорғау үлгісі көбіне әкімшілік, орталықтандырылған негіздегі тетіктер басым болса, өзге мемлекеттерде тәуелсіз бақылау рөлінің маңыздылығы жоғары сипатқа ие. Зерттеу қорытындысы Қазақстан заңнамасын жетілдіру және әскери қызметшілердің құқықтарын қорғаудың институционалдық тетіктерін енгізуді қажеттігін нақтылайды. Адам құқықтарына қатысты заңнамаларды түзету енгізу және қорғаудың тиімді шараларын енгізу тәжірибелік мәнге ие.

Zitieren

APA

Ботагарин, Р., & Абыласимов, М. (2026). Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау тетіктері: салыстырмалы-құқықтық талдау. Bulletin of the Karaganda University “Law Series”, 31(2), 6-15. https://doi.org/10.31489/2026l2/6-15

Vancouver

Ботагарин Р, Абыласимов М. Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау тетіктері: салыстырмалы-құқықтық талдау. Bulletin of the Karaganda University “Law Series”. 2026;31(2):6-15. doi:10.31489/2026l2/6-15

BibTeX
@article{2026,
  author = {Ботагарин, Р.Б. and Абыласимов, М.Н.},
  title = {Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау тетіктері: салыстырмалы-құқықтық талдау},
  journal = {Bulletin of the Karaganda University “Law Series”},
  year = {2026},
  volume = {31},
  number = {2},
  pages = {6--15},
  doi = {10.31489/2026l2/6-15}
}
Kostenlos starten →