Миф пен бейне визуалды танымның онтологиялық және эпистемологиялық өлшемдері
Journal of Philosophy Culture and Political Science · 30.03.2026 · 95 (1)
DOI: 10.26577/jpcp95120266 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Journal of Philosophy Culture and Political Science, online erschienen am 30.03.2026. Verfasst von С.Б. Сырғабаев und 3 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Бұл мақалада миф пен бейнелеу өнерінің арақатынасы визуалды танымның философиялық табиғаты тұрғысынан қарастырылады. Миф архаикалық баяндау формасы ретінде емес, болмысты мағыналандыратын онтологиялық құрылым және танымның архетиптік моделі ретінде түсіндіріледі. Ал бейнелеу өнері – осы құрылымның көркем репрезентациясы және болмысты пайымдаудың дербес эпистемологиялық формасы ретінде негізделеді. Зерттеу барысында Ә. Бақтыгерей, С. Бәпішев, С. Бектияр және Б. Түлкиев шығармалары талданып, мифтік архетиптер мен ұлттық кодтардың заманауи көркем тілдегі көріністері мен интерпретациясы талданады. Мақалада постмифтік сана, визуалды таным, архетип пен символдың көркемдік семантикасы философиялық дискурс деңгейіне көтеріледі. Сонымен қатар өнердің эстетикалық форма ретіндегі, дүниетанымдық және экзистенциалдық мазмұн тудыратын метатіл ретіндегі қызметі айқындалады. Мақалада миф көркем репрезентация арқылы болмысты танудың дербес онтологиялық-эпистемологиялық формасы ретінде қарастырылады. Ал көркем бейне эстетикалық объектіден гөрі мағына өндіретін философиялық құрылым ретінде пайымдалады. Осы тұрғыдан алғанда, бейнелеу өнері тек мәдени феномен емес, болмысты ұғынудың және танымдық тәжірибені құрылымдаудың ерекше философиялық тетігі ретінде сипатталады. Алынған нәтижелер миф, символ және визуалды таным мәселелерін зерттейтін қазіргі философиялық және эстетикалық теорияларды нақтылай отырып, философия, өнертану және мәдениеттану саласындағы пәнаралық зерттеулер үшін теориялық негіз бола алады. Түйін сөздер: миф, визуалды онтология, көркем репрезентация, архетип, визуалды эпистемология, мәдени жады, постмифтік сана, болмыстың репрезентациясы
Zitieren
APA
Сырғабаев, С., Құсайынов, Д., Аюпова, З., & Толысбаева, А. (2026). Миф пен бейне визуалды танымның онтологиялық және эпистемологиялық өлшемдері. Journal of Philosophy Culture and Political Science, 95(1). https://doi.org/10.26577/jpcp95120266
Vancouver
Сырғабаев С, Құсайынов Д, Аюпова З, Толысбаева А. Миф пен бейне визуалды танымның онтологиялық және эпистемологиялық өлшемдері. Journal of Philosophy Culture and Political Science. 2026;95(1). doi:10.26577/jpcp95120266
BibTeX
@article{2026,
author = {Сырғабаев, С.Б. and Құсайынов, Д.У. and Аюпова, З.К. and Толысбаева, А.Д.},
title = {Миф пен бейне визуалды танымның онтологиялық және эпистемологиялық өлшемдері},
journal = {Journal of Philosophy Culture and Political Science},
year = {2026},
volume = {95},
number = {1},
doi = {10.26577/jpcp95120266}
}
EUVIMED