EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

Жоғары білім берудегі жасанды интеллект: технологиялық қабылдауды талдау

Н.Т. Шыңғысова, Е.И. Дудинова, М.О. Негізбаева

Herald of Journalism · 20.03.2026 · 79 (1)

DOI: 10.26577/hj79120267 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Herald of Journalism, online erschienen am 20.03.2026. Verfasst von Н.Т. Шыңғысова und 2 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Жасанды интеллект (ЖИ) құралдары білім беру жүйесіне дендеп енген сайын, технологиялардың оқу үдерісін қаншалықты деңгейде жақсартып, білім алушылардың когнитивтік қабілеттері мен дағдыларына қалай ықпал етеді деген пікірталастар толастар емес. Бұл мақалада университет аудиториясының жасанды интеллектіні қабылдауын бағалау параметрлерін талдау нәтижелері ұсынылған. Зерттеу гипотезасы студенттердің ЖИ технологияларын белсенді таратуы мен қолдануы олардың медиа сауаты мен сыни ойлау деңгейінен анағұрлым алда екенін, бұл ақпаратты, жалған жаңалықтар мен манипуляциялық контентті ой елегінен өткізбей қабылдау қаупін арттыратынын болжайды. Өз кезегінде, оқытушылар ЖИ технологиясын белгілі бір орындаушылық тапсырмаларды шешудегі құнды құралдық мүмкіндіктерін мойындай отырып, білім берудегі өздігінен орындау мен прогресті төмендету тәуекелі ретінде қабылдайды. Мақаланың мақсаты - ЖИ құралдарын жоғары білім беру жүйесіне интеграциялау тәжірибесі мен формаларын зерттеу, білім алушылардың жасанды интеллект ресурстарына көзқарасының негізгі алгоритмдерін анықтау және этикалық, когнитивтік және әлеуметтік ықтимал тәуекелдерді сипаттау. Зерттеудің әдіснамалық негізін эмпирикалық және теориялық әдістердің кешені, ғылыми деректерді талдау мен жүйелеу, сауалнама әдістерінің социологиясы, статистикалық деректерді интерпретациялау, сапалық салыстырмалы және перспективалық талдаулар құрайды. Шолу зерттеуінің нәтижелері жоғары білім беру жүйесіне ЖИ құралдарын кешенді енгізуге қатысты оқытушылар арасындағы екіұшты көзқарастарды анықтап, академиялық адалдық пен тәуелсіз ойлаудың төмендеуінің елеулі қауіптерін көрсетті. Дегенмен, студенттер жасанды интеллект дағдыларын меңгеру әлеуетін өздігінен оқудың және жаңа цифрлық медиа форматтарына бейімделудің маңызды құрамдас бөлігі, сондай-ақ кәсіби даму факторы ретінде қарастырады. Бұл зерттеу жоғары білім беруде ЖИ-ді сауатты қолдану туралы жалпы қабылданған, қалыптасқан этикалық білім мен түсініктің болмауын ескере отырып, халықаралық стандарттар мен нұсқауларды қазақстандық контекске енгізудегі ЖИ қолданылуының ең қолайлы моделін талқылауға үлес қосады. Практикалық маңызы зерттеушілердің пікірінше білім беру мақсатына көбірек сәйкес келетін толықтырылған интеллектінің (Augmented Intelligence) перспективті моделін негіздеуді жүзеге асыруында.

Zitieren

APA

Шыңғысова, Н., Дудинова, Е., & Негізбаева, М. (2026). Жоғары білім берудегі жасанды интеллект: технологиялық қабылдауды талдау. Herald of Journalism, 79(1). https://doi.org/10.26577/hj79120267

Vancouver

Шыңғысова Н, Дудинова Е, Негізбаева М. Жоғары білім берудегі жасанды интеллект: технологиялық қабылдауды талдау. Herald of Journalism. 2026;79(1). doi:10.26577/hj79120267

BibTeX
@article{2026,
  author = {Шыңғысова, Н.Т. and Дудинова, Е.И. and Негізбаева, М.О.},
  title = {Жоғары білім берудегі жасанды интеллект: технологиялық қабылдауды талдау},
  journal = {Herald of Journalism},
  year = {2026},
  volume = {79},
  number = {1},
  doi = {10.26577/hj79120267}
}
Kostenlos starten →