EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

Шешен сөздің түрлерін оқыту негізінде білім алушылардың шығармашылық ойлау дағдысын дамытудың әдістері

А. Мыңбаева, Ғ. Ибрагимов, Ж. Абдуллаева, А. Нуржанова

Eurasian Journal of Philology Science and Education · 20.03.2026 · 201 (1)

DOI: 10.26577/ejph2011202626 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Eurasian Journal of Philology Science and Education, online erschienen am 20.03.2026. Verfasst von А. Мыңбаева und 3 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада авторлар шешен сөздің түрлерін қазіргі білім беру үдерісінде оқытудың тиімділігін қарастырып, жас ерекшелігіне сәйкес білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпалын теориялық тұрғыдан негіздейді. Зерттеуде риториканы оқыту, шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру және жас ерекшелік психологиясы бағытындағы тұжырымдар сабақ мазмұнын құрастыру мен тапсырмалар жүйесін таңдаудың әдіснамалық тірегі ретінде алынады. Шығармашылық ойлауды дамытудың тетіктері (ойлау икемділігі, дәлелдеу мәдениеті, интерпретация, тілдік тұлғаның өзіндік «үнін» қалыптастыру) сипатталып, аталған дағдылардың жетілуіне ықпал ететін практикалық жаттығулар жүйесі ұсынылады. Шешен сөздің түрлеріне қатысты сабақтың теориялық бөлігі А. Байтұрсынұлы мен М. Ахетов еңбектеріндегі риторика мен сөз мәдениетіне қатысты қағидаларға сүйенеді. Практикалық бөлімде риторикалық мәтіндерді талдау, байымдама (эссе) жазу, шешен сөз құрастыруға машықтану, мақал-мәтелге қатысты жеке көзқарасты дәлелді түрде баяндау сияқты тапсырмалар қамтылған. Авторлар ұсынылған тапсырмалар білім алушылардың аналитикалық және сыни ойлауымен қатар, шығармашылық ойлауын дамытуға жағдай жасайтынын, сондай-ақ пікір айту мәдениеті, жауапкершілік, коммуникативтік әдеп, ұлттық-танымдық бағдар сияқты құндылықтарды нығайтуға ықпал ететінін уәждейді. Іс-әрекетті зерттеу (action research) әдіснамасына сәйкес жалпы білім беретін мектеп жағдайында жүргізілген эксперименттің нәтижелері диаграммалар мен кестелер арқылы беріледі. Зерттеу деректері сабақтардың оқушылар бойында қажетті дағдылар мен құндылықтарды қалыптастыруға ықпалын көрсетіп, әдістемелік ұсыныстардың қолданбалылығын негіздейді. Мақала қорытындысында шешен сөзді оқытудың мазмұнын жас ерекшелік деңгейіне сай саралау, тапсырмаларды күрделендірудің сатылы үлгісі және нәтижені бағалау көрсеткіштері бойынша практикалық ұсыныстар беріліп, бұл тәсілдің оқу үдерісіне енгізілу мүмкіндігі айқындалады. Түйін сөздер: шешендік өнер, шешен сөздің түрлері, мақалдар, жеткіншек, сыни ойлау, шығармашылық ойлау, шығармашылық.

Zitieren

APA

Мыңбаева, А., Ибрагимов, Ғ., Абдуллаева, Ж., & Нуржанова, А. (2026). Шешен сөздің түрлерін оқыту негізінде білім алушылардың шығармашылық ойлау дағдысын дамытудың әдістері. Eurasian Journal of Philology Science and Education, 201(1). https://doi.org/10.26577/ejph2011202626

Vancouver

Мыңбаева А, Ибрагимов Ғ, Абдуллаева Ж, Нуржанова А. Шешен сөздің түрлерін оқыту негізінде білім алушылардың шығармашылық ойлау дағдысын дамытудың әдістері. Eurasian Journal of Philology Science and Education. 2026;201(1). doi:10.26577/ejph2011202626

BibTeX
@article{2026,
  author = {Мыңбаева, А. and Ибрагимов, Ғ. and Абдуллаева, Ж. and Нуржанова, А.},
  title = {Шешен сөздің түрлерін оқыту негізінде білім алушылардың шығармашылық ойлау дағдысын дамытудың әдістері},
  journal = {Eurasian Journal of Philology Science and Education},
  year = {2026},
  volume = {201},
  number = {1},
  doi = {10.26577/ejph2011202626}
}
Kostenlos starten →