EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

Детектив әңгімелердегі өмір шындығының көркем шындыққа айналуы

Г. Орда

Eurasian Journal of Philology Science and Education · 20.03.2026 · 201 (1)

DOI: 10.26577/ejph2011202620 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Eurasian Journal of Philology Science and Education, online erschienen am 20.03.2026. Verfasst von Г. Орда.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада Қызылорда облысында тоқсаныншы, екі мыңыншы жылдары қоғамдық толқыныс тудырған ауыр, аса ауыр қылмыстарды әшкерелеуде полиция қызметкерлерінің жанқиярлық ерліктері туралы деректі детективті көркем шығармалар топтастырылған Н. Саматұлы мен Ә. Шаймағамбетовтің «Тәуелсіздік қырандары» жинағына енген шығармалар қарастырылған. «Қызылорда – Шымкент – «Набат», «Шаттықтың үңгірі», «Төрт қыздың трагедиясы», «Қызылордаша киднеппинг», «Алақандағы алты тал шаш», «Алты айда ашылған қылмыс», «Такси аулаған тажалдар» әңгімелерінде өмір шындығы көркем шындыққа айналғаны ауыл, аудан, қала, облыстағы Ішкі істер басқармасында жұмыс істеген қызметкерлердің аты-жөні өзгеріссіз берілуімен, оқиға болған жер мен уақыттың нақты көрсетілуімен, тоқсаныншы жылдары елді алаңдатқан қылмыстардың ашылуымен, Сот үкімінің орындалуымен анықталған. Жазушылардың қылмыстың себептерін талдап, әлеуметтік астарына үңіліп, белгілі деңгейдегі моральдық мәселелерді зерттеуді мақсат еткендігі нақты мысалдармен тұжырымдалған. Әңгімелердегі зұлымдық тек қоғам заңдарын ғана емес, сонымен бірге адамзат өмір сүріп жатқан ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық нормаларды өрескел және қорқынышты жағдайда бұзудан көрінген. Детектив шығармалардағы моральдық, психологиялық, криминологиялық, әлеуметтік-экономикалық қақтығыстардың үлкен қасіретке, адам өліміне алып келу себептері ашылған. Тергеушілердің құқықтық қорғауы жеке адамның меншігіндегі жоғалған мүлікті іздестіруімен айшықталған. Жазушылардың психологизмді игеруі әр кейіпкердің жандүниесіне үңіліп, ішкі және сыртқа қақтығыстардың себеп-салдарын ашуымен түйінделген. Түйін сөздер: проза, детектив, оқиға, айғақ, тергеуші, құпия қылмыс, оқиғаның шиеленісуі, шешім.

Zitieren

APA

Орда, Г. (2026). Детектив әңгімелердегі өмір шындығының көркем шындыққа айналуы. Eurasian Journal of Philology Science and Education, 201(1). https://doi.org/10.26577/ejph2011202620

Vancouver

Орда Г. Детектив әңгімелердегі өмір шындығының көркем шындыққа айналуы. Eurasian Journal of Philology Science and Education. 2026;201(1). doi:10.26577/ejph2011202620

BibTeX
@article{2026,
  author = {Орда, Г.},
  title = {Детектив әңгімелердегі өмір шындығының көркем шындыққа айналуы},
  journal = {Eurasian Journal of Philology Science and Education},
  year = {2026},
  volume = {201},
  number = {1},
  doi = {10.26577/ejph2011202620}
}
Kostenlos starten →