EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

Онлайн дискурстағы қазақ тілді жастардың тілдік мінез-құлқы (Threads әлеуметтік желісі материалдарының негізінде)

К. Садирова, А. Дуйсмаганбетова

Eurasian Journal of Philology Science and Education · 20.03.2026 · 201 (1)

DOI: 10.26577/ejph2011202611 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Eurasian Journal of Philology Science and Education, online erschienen am 20.03.2026. Verfasst von К. Садирова und 1 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада Threads әлеуметтік желісіндегі қазақ тілді жастардың тілдік мінез-құлқы психолингвистикалық және прагматикалық тұрғыдан кешенді түрде талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – жастардың онлайн-дискурста эмоцияны, бағалауды және коммуникативтік ниетті қандай тілдік құралдар арқылы білдіретінін анықтау. Зерттеу материалы ретінде 20-35 жас аралығындағы пайдаланушылардың ашық жарияланған 94 пікірі іріктеліп, олардың ішінен мазмұндық және құрылымдық тұрғыдан репрезентативті 10 пікір терең сапалық талдауға алынды. Сапалық талдау негізінде психолингвистикалық талдау ішкі сөйлеудің көріністерін, экспрессивтілік деңгейін және когнитивтік механизмдерді анықтауға бағытталса, прагматикалық талдау жазбалардың коммуникативтік мақсатын, адресатқа бағдарлануын және эмоциялық стратегияларын сипаттауға негізделді. Сонымен қатар пікірлердегі авторлық позиция, бағалауыш бірліктер мен дискурстық маркерлердің қызметі де қарастырылды. Зерттеу нәтижелері жастардың онлайн-коммуникациясында бейәдеби лексиканың, код-ауысымның, графикалық құралдардың, эмодзи мен интонацияны білдіретін белгілердің белсенді қолданылатынын көрсетті. Бұл құбылыстар жастардың ішкі ойлау жүйесінің, әлеуметтік позициясының және эмоционалдық күйінің тілдік формада тікелей көрініс табатынын дәлелдейді. Мақала қазіргі цифрлық ортадағы жастардың тілдік мінез-құлқын тереңірек түсіндіруге және психолингвистикалық, прагматикалық зерттеулер қорын толықтыруға ғылыми үлес қосады. Зерттеу нәтижелері онлайн-дискурстағы экспрессивті құралдардың жүйесін жас ерекшелік факторымен, платформалық коммуникация талаптарымен және аудиториялық күтімдермен байланыстыра түсіндіруге мүмкіндік береді. Алынған тұжырымдар әлеуметтік желідегі қазақ тілді контентті прагматикалық тұрғыдан модельдеуге, сондай-ақ цифрлық дискурстағы тілдік нормалану мен өзгеріс үдерістерін сипаттауға негіз бола алады. Түйін сөздер: психолингвистика, тілдік мінез-құлық, онлайн-дискурс, жастар тілі, эмоциялық экспрессия.

Zitieren

APA

Садирова, К., & Дуйсмаганбетова, А. (2026). Онлайн дискурстағы қазақ тілді жастардың тілдік мінез-құлқы (Threads әлеуметтік желісі материалдарының негізінде). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 201(1). https://doi.org/10.26577/ejph2011202611

Vancouver

Садирова К, Дуйсмаганбетова А. Онлайн дискурстағы қазақ тілді жастардың тілдік мінез-құлқы (Threads әлеуметтік желісі материалдарының негізінде). Eurasian Journal of Philology Science and Education. 2026;201(1). doi:10.26577/ejph2011202611

BibTeX
@article{2026,
  author = {Садирова, К. and Дуйсмаганбетова, А.},
  title = {Онлайн дискурстағы қазақ тілді жастардың тілдік мінез-құлқы (Threads әлеуметтік желісі материалдарының негізінде)},
  journal = {Eurasian Journal of Philology Science and Education},
  year = {2026},
  volume = {201},
  number = {1},
  doi = {10.26577/ejph2011202611}
}
Kostenlos starten →