Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы
Eurasian Journal of Philology Science and Education · 23.03.2026 · 201 (1)
DOI: 10.26577/ejph2011202610 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Eurasian Journal of Philology Science and Education, online erschienen am 23.03.2026. Verfasst von А. Кембаева und 2 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Зерттеуде Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы тілдік, дискурсивті және прагматикалық сөйлеу құралдарының жиынтығы ретінде қарастырылады. Жұмыстың мақсаты – тілдік тұлға харизмасының лингвистикалық табиғатын дискурс негізінде айқындау. Зерттеу барысында тілдік тұлғаның коммуникативті және тыңдаушысына ықпал ету әлеуетін ескере отырып, оның харизмасының тек психологиялық немесе әлеуметтік-мәдени категория емес, лексика мен синтаксистік құрылымдарды, прагматикалық стратегияларды және дискурсивті модельдерді таңдауда байқалатын жүйелі тілдік негізге ие екендігі анықталды. Сондықтан зерттеу жұмысы тілдік тұлға теориясы мен прагмалингвистика және дискурсологияда, сөйлеу әсері теориясын дамытуда ғылыми маңызға ие. Зерттеудің практикалық маңызы шешендік өнерді үйрету курстарында, стилистика мен дискурстық талдау жүргізуде, медиа және саяси дискурс коммуникациясында, көпшілік алдында сөйлеу және көшбасшылық тәжірибесінде қолданылу мүмкіндігімен құнды. Ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізін Ю.Н. Карауловтың тілдік тұлға теориясы, В.И. Карасиктің дискурстық тұлғаның концепциясы, сонымен қатар сөйлеу әсерінің прагматикалық теориясы және Ethos – Pathos – Logos риторикалық моделі құрайды. Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы авторлық дискурсқа жасалған талдау нәтижесінде негізделді, осылайша харизманың типтік тілдік маркерлері анықталды, харизматикалық сөйлеудің прагматикалық стратегиялары сипатталды, харизманың тілдік шарттылығы дәлелденді, харизматикалық тілдік тұлға моделі жасалды. Жұмыста тілдік тұлға харизмасы туралы түсініктерді лингвистикалық талдаудың нысаны ретінде қарастырып, оның қалыптасқан дәстүрлі психологиялық сипатының тілдік механизмдерде көрініс табуының ерекшелігі сараланды. Зерттеу жұмысының қорытындысындағы лингвистикалық және прагматикалық параметрлер қолданбалы зерттеулерде сөйлеу әсерін бағалау құралы болып, қазіргі таңдағы сөйлеу қарым-қатынасы бойынша оқу және аналитикалық материалдарды дайындауда пайдалануға болады. Түйін сөздер: харизма, тілдік тұлға, дискурс, лингвистика, Ш. Мұртаза.
Zitieren
APA
Кембаева, А., Әбдіманапова, M., & Халым, Б. (2026). Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы. Eurasian Journal of Philology Science and Education, 201(1). https://doi.org/10.26577/ejph2011202610
Vancouver
Кембаева А, Әбдіманапова M, Халым Б. Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы. Eurasian Journal of Philology Science and Education. 2026;201(1). doi:10.26577/ejph2011202610
BibTeX
@article{2026,
author = {Кембаева, А. and Әбдіманапова, M. and Халым, Б.},
title = {Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы},
journal = {Eurasian Journal of Philology Science and Education},
year = {2026},
volume = {201},
number = {1},
doi = {10.26577/ejph2011202610}
}
EUVIMED