EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ТҰЗДЫ БӨЛІГІНІҢ АЛЬГОФЛОРА ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ФОТОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ АКСЕНИКАЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН БӨЛІП АЛУ

Ақнұр Тоқтыбай, Дамыс Салауат, Кенжегүл Болатхан, Сандуғаш Сандыбаева, Гүлнәз Ахметова, Әсем Құрметхан, Санжар Санатов, Болатхан Заядан, Pavel Hrouzek

Eurasian Journal of Ecology · 31.03.2026 · 86 (1)

DOI: 10.26577/eje86120267 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Eurasian Journal of Ecology, online erschienen am 31.03.2026. Verfasst von Ақнұр Тоқтыбай und 8 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Бұл жұмыста Балқаш көлінің тұзды бөлігінің альгофлорасының түрлік құрамы анықталып, келешегі мол микробалдырлар мен цианобактериялардың жаңа дақылдары бөлініп алынып, олардың морфологиялық, дақылдық және физиологиялық қасиеттері зерттелді. Талдау нәтижесінде Балқаштың шығыс жағалауынан алынған су сынамаларының альгофлора құрамында диатомды балдырлар (Bacillariophyta) 40,33%, жасыл балдырлар (Chlorophyta) 32%, көк-жасыл балдырлар (Cyanophyta) 19,33% және эвгленалық балдырлар (Euglenophyta) 8,33% құрады. Олар 4 бөлімге, 6 классқа, 6 қатарға, 11 тұқымдасқа және 22 туысқа жататындығы анықталды. Микробиологиялық әдістері негізінде микробалдырлар мен цианобактериялардың 8 аксеникалық таза дақылдары бөлініп алынып, олар Oscillatoria sp, Nostoc sp, Arthrospira sp, Anabaena sp, Chlorella vulgaris, Parachlorella kessleri, Dunaliella salina, Navicula sp. болып анықталды. Әр дақыл үшін өсірудің оңтайлы жағдайлары анықталды. Бөлініп алынған цианобактерия дақылдарының өсу қарқындылығы BG-11, Заррука қоректік орталарында рН 7 - 9 кезінде 28-32°С оптималды температура аралығында байқалды. Ал, бөлініп алынған микробалдыр дақылдары, Тамия, Артария және BG-11 қоректік орталарында рН 6,5–7,5 кезінде 27°C -30°C температура аралығында тиімді өсу көрсеткішін көрсетті. Бұл таза дақылдар өндірістік биотехнологияда, атап айтқанда биологиялық белсенді қоспалар әзірлеуде ерекше қызығушылық тудыратын объект болып табылады. Кілт сөздер: альгофлора, аксеникалық таза дақылдарды бөлу, микробалдырлар мен цианобактерия дақылдары, тұзды көл.

Zitieren

APA

Тоқтыбай, А., Салауат, Д., Болатхан, К., Сандыбаева, С., Ахметова, Г., Құрметхан, Ә., Санатов, С., Заядан, Б., & Hrouzek, P. (2026). БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ТҰЗДЫ БӨЛІГІНІҢ АЛЬГОФЛОРА ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ФОТОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ АКСЕНИКАЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН БӨЛІП АЛУ. Eurasian Journal of Ecology, 86(1). https://doi.org/10.26577/eje86120267

Vancouver

Тоқтыбай А, Салауат Д, Болатхан К, Сандыбаева С, Ахметова Г, Құрметхан Ә, et al. БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ТҰЗДЫ БӨЛІГІНІҢ АЛЬГОФЛОРА ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ФОТОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ АКСЕНИКАЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН БӨЛІП АЛУ. Eurasian Journal of Ecology. 2026;86(1). doi:10.26577/eje86120267

BibTeX
@article{2026,
  author = {Тоқтыбай, Ақнұр and Салауат, Дамыс and Болатхан, Кенжегүл and Сандыбаева, Сандуғаш and Ахметова, Гүлнәз and Құрметхан, Әсем and Санатов, Санжар and Заядан, Болатхан and Hrouzek, Pavel},
  title = {БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ТҰЗДЫ БӨЛІГІНІҢ АЛЬГОФЛОРА ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ФОТОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ АКСЕНИКАЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН БӨЛІП АЛУ},
  journal = {Eurasian Journal of Ecology},
  year = {2026},
  volume = {86},
  number = {1},
  doi = {10.26577/eje86120267}
}
Kostenlos starten →